Сұрақ-Жауап. Кеңес

Дәрігер вакцинадан кейін күн астында жүрудің қауіпті екенін айтты

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Пульмонолог Сергей Пурясев жазда коронавирусқа қарсы вакцина алудың ережесін айтты. Дәрігер вакцинадан соң ұзақ уақыт күннің астында жүрмеуді ескертеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Маман күн сәулесінің тікелей түсуі тіпті сау адам үшін де қауіпті екенін атап өтті. Өйткені ол терінің бүкіл бетінде күйік пен қабыну тудырады. Яғни, гистамин көп мөлшерде бөлініп, күшті аллергиялық реакцияға әкеп соғады. Дәрігер аллергия кезінде вакцина алудың қажет емесін айтады.

 

"Бір ай көлемінде күннен аулақ болу керек. Антиденелер қалыптасып алғанша бірінші вакцинадан кейін үш апта, екінші вакцинадан соң екі аптадай сақтану керек. Егер адамдар теңізге, саяжайларға барғысы келсе, мүмкіндігінше алдын ала вакцина алып алғаны жөн", - деп кеңес берді Пурясев.

 

Бұған қоса, ол вакцина алған адамдарға жағажайда абай болуға кеңес береді.

 

“Көшеде, әсіресе күндізгі уақытта аз жүру керек. Жағажайға таңғы 6-дан 11-ге дейін немесе кешке 5-6-дан кейін баруға болады. Гистаминдердің ағзаға улы әсерін азайту үшін антигистаминдік препараттарды да өзіңізбен бірге алып жүруіңіз маңызды”,- дейді дәрігер.

 

 




Көрілген: 744    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.06.2021, 21:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 11:48
    Терлей бересіз бе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30