Сұрақ-Жауап. Кеңес

Дәрігерлер артық салмақтан құтылудың ең тиімді жолын атады

  • Дәрігерлер артық салмақтан құтылудың ең тиімді жолын атады

    Дәрігерлер артық салмақтан құтылудың ең тиімді жолын атады

18 жастан асқан адамдардың 39%-інде артық салмақ бар. Денедегі майдан құтылуға көмектесетін "сиқырлы" дәрі мен тиімді диета әлі табылған жоқ. Мұндай ойымен Испанияның семіздік және метаболикалық ауытқулар хирургиясы (SECO) қоғамының негізін қалаушы Жоан Пужоль Рафолс бөлісті, деп хабарлайды РИА Новости.


Адамдардың артық салмақ жинауының ортақ себебі жоқ. Бірақ маман майдың, негізінен, көп қимылдамау, спортпен шұғылданбау және дұрыс тамақтанбау кесірінен жиналатынын айтады. Генетикалық бейімділігі де әсер етеді.


"Кейбір адамдар өзгелерге қарағанда, артық салмақ жинауға бейім болады. Мәселен, азиялықтармен салыстырғанда еуропалықтардың салмағы көп. Біз денедегі майдан оп-оңай құтылудың жолы жоқ екенін ескеруіміз керек. Ондай дәрі шыққан жоқ. Әлі ұзақ жылдар бойы шықпайды деп ойлаймын. Қазіргі кезде артық салмақтан құтылудың ең тиімді жолы - хирургиялық тәсіл болып отыр", - дейді маман.


Дәрігердің айтуынша, артық майдан арылу ғана емес, сол салмақты өмір бойы сақтау өте қиын. Сондықтан бұл тұста диеталар тиімсіз.


"Семіздіктің асқынған түрі адам денсаулығы үшін аса қауіпті. Өйткені қан қысымы жоғарылап, ағзадағы қант деңгейі артады. Инфаркт пен рактың кейбір түріне әкеліп соғуы мүмкін. Мұндай адамдар басқаларға қарағанда аз өмір сүреді әрі өмір сүру сапасы нашарлайды", - деді Пужоль.


Тағы оқыңыз: "Денедегі артық майды кетіреді": ғалым құрттың пайдасын тізіп берді


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, 2016 жылы семіздікке шалдыққан адамдардың саны үш есеге артқан. 18 жастан кейінгілердің 39%-інде артық салмақ бар. Ал олардың 13%-іне семіздік деген диагноз қойылып отыр. 




Көрілген: 1118    Пікірлер: 0

сенбі, 07.09.2019, 12:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Шілде, 22:45
    Өзіңді дамыту
    16 Маусым, 20:02
    Ақша үнемдеудің 5 жолы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30