Сұрақ-Жауап. Кеңес

Дәрігерлер бір күнде қанша қарбыз жеуге болатынын айтты

  • CC BY-SA 2.0 / Harsha K R / Watermelon

    CC BY-SA 2.0 / Harsha K R / Watermelon

Балалар үшін қарбыздың тәуліктік нормасы – 80 грамнан 150 грамға дейін, ал ересектер үшін – 500 грамм. Бұл жемісті құрамында көмірсулар бар басқа өнімдермен араластырып жеуге болмайды, деп хабарлайды РИА Новости.

 

"2-3 жасар сәбилер үшін қарбыз порциясы 80-100 граммнан аспауға тиіс. Ал 3-6 жастағы бүлдіршіндерге қарбыз мәйегінің 150 грамын жеуге болады", - деп кеңес берді педиатр Марина Лерман.

 

Ол қарбызды екі жасқа толмаған балаларға беруге болмайтынын атап өтті. Өйткені жемістің бұл түрі тамақ аллергиясын қоздыруы мүмкін.

 

Ал дәрігер-терапевт Елена Тихомирова ересектер үшін қарбыздың тәуліктік нормасын атады.

 

Айтуынша, үлкендерге күніне 500 грамм қарбыз жеуге болады, бірақ құрамында көмірсулар бар басқа өнімдерді бір мезетте тұтынбаған абзал.

 

Маман қарбызды тек ұйықтар алдында ғана жеуге болмайтынын атап өтті.

 

"Бір жегенде бір келі қарбыз жеудің қажеті жоқ. Себебі біздің ағзамыз 60 грамм таза көмірсуды бір уақытта сіңіре алмайды. 20-30 грамы сіңіп, қалғаны майға айналуы мүмкін", - деді Тихомирова.

 

3 тамыз Халықаралық қарбыз күні аталып өтеді.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 919    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.08.2021, 16:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 11:48
    Терлей бересіз бе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31