Сұрақ-Жауап. Кеңес

Дәрігерлер Жаңа жыл қарсаңында майлы әрі алкогольді өнімдерді аз ішуге шақырады

  • Дәрігерлер Жаңа жыл қарсаңында майлы әрі алкогольді өнімдерді аз ішуге шақырады

    Дәрігерлер Жаңа жыл қарсаңында майлы әрі алкогольді өнімдерді аз ішуге шақырады

Жаңа жылды атап өтемін деп ауруханадан бір-ақ шықпаңыз. Ақ халаттылар ел азаматтарын мереке қарсаңында майлы әрі алкогольді өнімдерді аз қолдануға шақырады. Негізгі осылардың кесірінен асқазанын құртып жатқандар аз емес көрінеді.

Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

 
Жаңа жыл деп шапқылап, базар жағалап, дүкен аралап дастарханның қамын жасап жатқандардың қарасы көп. Мамандар мерекелік көңіл күйдің көтеріңкі болуын көксегендер денсаулығын да ұмытпаса екен дейді.

«Алкогольді сусындарды шамадан тыс көп қолданған кезде панкреотит, өттің толуы, бауыр ауруы 50-60 пайыз адамдарда кездеседі. Көбінесе асқазанға ауырлық туады. Майлы тағамдарды, қуырылған, майонез, трансмайлар қосылған көптеп тұтынғаннан кейін асқазанда бірден ауырлық сезімі пайда болып, 2-3 күн адамдар ауырып жүреді», - деді диетолог Арай Әміре.

Жаңа жылдық кештің өзіндік қалыптасып қалған тағамдары бар екенін білесіз. Мамандардың асқазанға ауырлық түсіреді деген нәрселері елдің дастарханында бола ма екен?


2021 жылдың демалыс күндері: Қазақстанның күнтізбесі

Мұсылмандарға арналған 2021 жылдың күнтізбесі

«Негізі болады майлы тамақтарды жеуге. Көп емес былай».

«Дастархан мол болса сол жетеді ғой. Отбасы үлкен болып бәрі қарсы алса».

«Негізі, дұрыс шығар деп ойлаймын. Майлы заттар зиянды деп жатады», - деді тұрғындар.

Дәрігерлер, әсіресе, майлы тағам мен алгокольді араластырып, асқазанға ауырлық түсіріп алмаңыз деп ескертеді. Осының кесірінен түрлі аурулар асқынып кетуі мүмкін екен.

«Алкоголь ішімдіктер көпшілікке белгілі организмге тез тарайды. 5-7 минуттың ішінде шектен қанға тарап, бірден миға әсер етеді. Ол тек ішкі ас қорыту органдары ғана емес, ми, нерв жүйесіне де теріс әсері болып жатады», - деді терапевт Діллахан Байменова.

Жылына бір келетін кешті кім қалай өткізетінін әрине әркім өзі таңдайды. Бірақ, «бірінші байлық  денсаулық» екенін биылғы жыл анық дәлелдеп бергендей.




Көрілген: 3852    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.12.2020, 20:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31