Сұрақ-Жауап. Кеңес

Дәріханаларда дәрі-дәрмек жоқ болса, бағасы қымбаттаса қайда хабарласу керек?

  • Дәріханаларда дәрі-дәрмек жоқ болса, бағасы қымбаттаса қайда хабарласу керек?

    Дәріханаларда дәрі-дәрмек жоқ болса, бағасы қымбаттаса қайда хабарласу керек?

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев дәріханалар дәрі-дәрмек бағасын негізсіз өсірген жағдайда қайда шағымдануға болатынын айтты.

Вице-министр Facebook парақшасында: «Соңғы уақытта дәріханаларда дәрі-дәрмек бағасы күрт қымбаттап кетті» деген ақпараттар, фотосуреттер мен посттар өте көп тарап жатыр. Осы тұста 2019 жылы тамыз айында Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі барлық дәріханаларда көтерме және бөлшек сауда үшін дәрі-дәрмектің шекті бағасын белгілеу туралы бұйрыққа қол қойғанын естеріңізге саламын. Бүгінгі таңда бұйрықтың ағымдағы нұсқасында 6000-нан астам дәрінің көтерме және бөлшек сауда бағалары белгіленген», – деп жазды.

Оның айтуынша, халыққа ыңғайлы болу үшін барлық смартфонда жұмыс істейтін 3 тілді «DARIKZ» мобильді қосымшасы жасалған. Ол тегін қызмет көрсетеді. Мобильді қосымшада еліміздің дәріханаларында шекті бағаға қатысты шағым беру бойынша функция да бар.

«Осы функционың көмегімен еліміздің кез келген азаматы дәріханаларда шекті баға бойынша бұйрықтың сақталуын тексеріп, дәрі-дәрмектің бағасы шекті көрсеткіштен жоғары болған жағдайда шағым бере алады. Мобильдік қосымша арқылы берілген барлық шағымдарды Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті қарайды және бұзу фактісі расталған жағдайда Денсаулық сақтау министрлігі оны реттеу үшін барлық қажетті шараларды қолданады» дейді Олжас Әбішев. 




Көрілген: 522    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.06.2020, 19:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31