Сұрақ-Жауап. Кеңес

«Дәрінің керегі де жоқ» – Малышева қазақстандықтардың коронавирусқа қатысты сұрақтарына жауап берді

  • «Дәрінің керегі де жоқ» – Малышева қазақстандықтардың коронавирусқа қатысты сұрақтарына жауап берді

    «Дәрінің керегі де жоқ» – Малышева қазақстандықтардың коронавирусқа қатысты сұрақтарына жауап берді

«Бірінші арнадағы «Жить здорово!» бағдарламасының жүргізушісі Елена Малышеваның айтуынша, қазақстандықтар оған коронавирусқа байланысты сұрақтар қойған.
Ол Instagram желісіндегі парақшасында үрейленген қазақстандықтарға жауап берді, – деп жазады Tengrinews.kz.

Көпшіліктің сұрағы бойынша Малышева шымкенттік реабилитолог Айна Бакееваның коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу хаттамасын қайта қарауды сұраған видеосын атап өтті.

Сондай-ақ, Малышева неліктен «екінші карантин» жарияланғанын түсінбейтінін мәлімдеді.

«Қазақстанда жағдай нақты қалай екенін білмейміз. Интернетте дәрігерлердің жанайқайы толып жатыр. Бірақ дәрігерлер неліктен емдеу мүмкіндігін жоғалтып алды да, үкіметке үндеу жасап жатыр, түсінбеймін. Себебі алғашында емдеуге тиімді болған дәрілер, ең алдымен антикоагулянттар (қан ұюға қарсы дәрілер), емдеу мекемелерінде бар.

Қандай дәрілер емдемейді? Бұл – гидроксихлорохин, калетра, антибиотиктер. Бірден антибиотик жазып берудің мәні жоқ. Қазір дәрігерлер немен емдеп жатыр? Бірінші – антикоагулянттар. Екінші – іштегі қалып. Үшінші, ауру ауыр жағдайда өтіп жатса, науқастарды тоцилизумаба секілді препараттармен емдейді», – дейді Малышева.

«Қазақстанда көптеген адам үрейленіп, дүрбелең салып жатыр. Науқастар «бізде бәрі сұмдық, компьютерлік томографияның өзі жоқ» деп жазды», – дейді ол.

Малышева жауабында АҚШ-та ешқандай да томографиясыз емдеу туралы ресми шешім шығарылғанын айтты. «Кәдімгі рентген барлық сұрағыңызға жауап бере алады», – дейді тележүргізуші. 




Көрілген: 3189    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.07.2020, 00:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31