Сұрақ-Жауап. Кеңес

ДДСҰ пандемия кезінде антибиотиктерді қолдану қаупі туралы ескертті

  • ДДСҰ пандемия кезінде антибиотиктерді қолдану қаупі туралы ескертті

    ДДСҰ пандемия кезінде антибиотиктерді қолдану қаупі туралы ескертті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясы кезінде препараттарды дұрыс пайдаланбау салдарынан антибиотикке төзімділіктің күрт өсуі мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы ДДСҰ-ның Еуропа аймағы бойынша жүргізген зерттеуінде жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Адамдар мен денсаулық сақтау мекемелерінің антибиотиктерді ұзақ уақыт қолдануы проблемасын COVID-19 пандемиясы күшейтеді... Антибиотиктер COVID-19 сияқты инфекцияларды емдемейтініне немесе алдын алмайтынына қарамастан, еуропалық аймақтың тоғыз елі мен аймағында жүргізілген адамдардың мінез-құлқын зерттеу нәтижелері пандемия кезінде антибиотиктерді қолдану жаңа жағдайлардың санымен бірге өскенін көрсетеді", - делінген ДДСҰ Еуропалық бюросының хабарламасында.

 
Зерттеулерге сәйкес, антибиотиктерді қабылдағандардың 79-96 пайызы COVID-19-ды жұқтырмаған, бірақ оны вирус жұқпауы үшін ішкен.

Ауруханаға түскендердің ішінде пациенттердің тек 15 пайызы антибиотиктерге мұқтаж болды, өйткені оларда бактериялық инфекциялар анықталды, бірақ дәрі-дәрмектер жұқтырғандардың 75 пайызына берілді.

Атап айтқанда, цефалоспорин класындағы антибиотиктердің үшінші буыны жақын арада тиімділігін жоғалтуы мүмкін, өйткені Еуропаның бірқатар медициналық мекемелері COVID-19 пандемиясының басында вирусты осындай препараттармен емдеуге тырысқан.




Көрілген: 917    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.11.2020, 10:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қаңтар, 14:28
    Құлақ неге шулайды?
    11 Қаңтар, 22:41
    ЭЦҚ мерзімін ұзарту
    5 Қаңтар, 16:51
    IBAN дегеніміз не?
    27 Желтоқсан 2020
    ҚАЛАМПЫРДЫҢ ҚАСИЕТІ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31