Сұрақ-Жауап. Кеңес

Денсаулыққа зиянды киімдер мен әшекейлер (ФОТО)

  • Денсаулыққа зиянды киімдер мен әшекейлер (ФОТО)

    Денсаулыққа зиянды киімдер мен әшекейлер (ФОТО)

 Заманауи сәнді гардеробтың кей атрибуттары денсаулыққа зиян. Бірақ олардың зиянын біле тұра, көпшілік трендтердің артынан жүруді таңдайды. Әйел гардеробындағы қай заттарды сақтықпен қолданған жөн?

Тар және денеге жабысып тұратын киім

Мысалы, "скинни" джинс шалбары сияқты денені қысып тұратын киімді күнде кию зиян. Тар шалбарды жиі кисеңіз, іштің кебуі, терінің қызаруы және кіші жамбас органының кеңеюі (жасырын варикоз) орын алады. Ішкі киімнің де тар болуы цистит және жұқпалы аурудың пайда болуына ықпал етеді.

Кеңес: Көйлектер мен белдемшелерді бағаламай қоймаңыз. Негізі олар шалбарға қарағанда ыңғайлы болып келеді. Тек оларды киюді әдетке айналдырсаңыз болғаны. Егер көйлек немесе белдемше кигенді мүлдем ұнатпасаңыз, қазір кең балақты шалбарлар сәнге айналуда. Бірақ созылмалы цистит секілді аурулармен қиналсаңыз, денеге жабысып тұратын шалбарлардан мүлдем бас тартқан жөн.

XXL-сөмке

Косметикаларды салатын сөмке, телефон, шағын "дәріхана", күнделік, үй немесе машинаның кілті, майлықтар, айна, әмиян, зарядтау жабдығы және тағы басқалары – бұлардың бәрін күнде сөмкеңізге салып, тасып жүресіз. Ол арқаға және иыққа салмақ түсіреді. Соның кесірінен омыртқаға салмақ түседі. Ауыр сөмкелерді тасып жүру бұлшықет пен сіңірге жағымсыз әсер етуі мүмкін. Өте үлкен сөмке сәнге оралып тұрады, бірақ ондай сөмкенің ішіне ештеңе салмағанның өзінде салмағы ауырлау болады. Сондықтан сөмкенің шағын әрі жеңілдеу түрін таңдаған жөн.

Кеңес:

- Сөмкеңізді жеңілдетіңіз: ол ішіндегі заттарымен бірге 4,5 килограмнан аспауы керек;

- Сөмкені тек бір иыққа аса бермей, екі жаққа ауыстырып тұруды әдетке айналдырыңыз;

- Кешкісін арқаңыз немесе иығыңыз ауыратын болса, жаттығу жасаңыз және бассейнге жазылыңыз.

Никель бижутерия

Бижутерияны шешкен соң теріңіз аздап қызарып, қыши ма? Ол никельден болатын аллергия болуы мүмкін. Никель кез келген бижутерияда, кейде ақ немесе сары алтында да болады. Одан пайда болған аллергияның жеңіл түрі уақыт өте экземаға айналуы мүмкін.

Кеңес: Егер бижутерия таққанда немесе кешкісін шешкенде теріңіз қышыса, аллерголог маманға барып қаралыңыз. Дәрігер теріге сынама жүргізіп, никельге аллергияңыздың бар-жоғын анықтап бере алады. Егер никельге аллергияңыз бар болса, дәрігер сізге көмектесе алмайды. Бастысы, құрамында никель бар бижутерия тақпау керек.

Биік өкшелі аяқ киім

Биік өкшелі аяқ киім ыңғайсыздығынан бөлек жарақат алуыңызға себепші болуы мүмкін. Олар табанға көп күш түсіретіндіктен сүйелдердің пайда болуына да ықпал етеді. Тобыққа қажетті сүйеніш болмағандықтан сіңір созылуы мүмкін. Биік өкшелі аяқ киіммен жүрген кезде денеңізді дұрыс қалыпта ұстай алмайсыз, сондықтан арқаңыз жиі ауыратын болады.

Кеңес: Өте биік тақалы аяқ киімдерді қанша жақсы көрсеңіз де, оны жай табанды аяқ киіммен кезектестіруді әдетке айналдырыңыз және аяқ киімнің сапасына аса мән беріңіз.

Massaget.kz




Көрілген: 574    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.03.2020, 09:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:49
    ҚАНДАЙ ӘЙЕЛ ЖАҚСЫ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31