Сұрақ-Жауап. Кеңес

Диетасыз қалай арықтауға болады?

  • Диетасыз қалай арықтауға болады?

    Диетасыз қалай арықтауға болады?

Бұған дейін диетологтар бір ай ішінде артық салмақтан арылудың әдісін айтқан болатын.


Артық салмақтан арылғыңыз келсе, сүйікті тағамдарыңыздың мөлшерін азайтыңыз. Бұл туралы диетолог Грейми Томильсонның кеңесіне сүйене отырып The Sun басылымы жазады.


Томильсонның айтуынша, кей тағамдардың порциясы көзге аз болып көрінуі мүмкін, алайда олардың калориясы ағзаға қажетті мөлшерден үш есе асып түседі. Мысал ретінде ол пепперони шұжығы қосылған пиццаның құнарлылығы туралы айтты: орташа көлемдегі мұндай пиццаның құрамында 678 калория бар, ал дәл осындай үлкен пиццада — 1923.


"Диетаға отырғанша, құнарлылығы жоғары тағамдар мен сусындардың мөлшерін азайтқан жөн. Көп жағдайда солардың кесірінен адам артық салмақ жинайды", - деп түсіндірді сарапшы.


Бұған дейін диетологтар бір ай ішінде артық салмақтан арылудың әдісін айтқан болатын. Мамандардың пікірінше, ол үшін жылдам көмірсулардан бас тартқан жөн. Яғни, рационнан тәтті және ұн тағамдарын, ақ күріш, ұнтақ жарма, банан, жүзім, шарап, картоп және газдалған сусындарды алып тастау керек.


Бұдан бөлек, диетологтар теңіз өнімдерін, қарақұмық, сұлы және ас көкті көп жеуге кеңес береді. Мінсіз мүсінге ие болу үшін тұзды да аз пайдаланған дұрыс, тіпті бір ай бойы мүлдем бас тартуға да болады. Сонда ағзадағы сұйықтық жылдам әрі жеңіл шығып кетеді.


Соныман қатар кардио жаттығулар көздеген мақсатқа тез жетуге септігін тигізеді.




Көрілген: 1496    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.08.2019, 10:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қараша, 12:31
    Қант диабеті
    23 Қазан, 10:52
    Ақша туралы 15 факт

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30