Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

duel_gunz96@yahoo.com, toficalex@yahoo.com,officemail00@un-conference.org мекенжайларынан сақ болыңыз!

20 қаңтар 2011, 11:14

Менің поштама «Сіздің электронды мекенжайыңыз лотереядан ұтысқа ие болды» деген хабарлама келді. Әріптестерім оның жалған хат екенін айтып отыр. Орыс тілінде жазылған осындай дүниелер соңғы кездері «mail.ru Агент» желісі арқылы да тарайтын болды. Бұларды кім таратады?
Айбек МАРАТҰЛЫ,
Ақтөбе қаласы
Соңғы уақытта пайда болған спамның бұл түрі yahoo.com және un-conference.org ресурстарынан тарайтын болды. Мұның өзге керексіз хабарламалардан артық­шылығы – дербес компьютер мен жеке электронды поштаның қорғаныс жүйесіне бағынбайтындығы. Бүгінде ұтыс туралы мазмұны бар спамдар әрбір екінші юзерді мезі қылып жүр. Олардың шыққан мекен­жайы әртүрлі және күн сайын өзгеріп отырады. Дегенмен ғаламтор тұтынушы­ларын алдап жүрген алаяқ мекенжайлардың бірқатары белгілі. Мәселен, duel_gunz96@yahoo.com, toficalex@yahoo.com және officemail00@un-conference.org сияқты спам көздерінен сақ болғаныңыз жөн. Касперский зертханасы мамандарының мәліметінше, бүгінде спамдардың дені білім, туризм, медицина, сауда-саттық және ғаламтор қызметі салалары бойынша кең тарап отыр және мұндай зиянды әрекетпен көбіне өндіретін тауары мен ұсынатын қызметіне заңмен тыйым салынған кәсіпкерлік нысандары айна­лысады.