Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Дүниежүзілік кеден ұйымы қай елде орналасқан?

25 желтоқсан 2012, 12:56

Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДКҰ) қандай басқару және атқару органдарының құралдары? ДКҰ хатшылығы қай елде орналасқан?
Болат ЕСЕНҚАРАЕВ,
Алматы облысы
Дүниежүзілік кеден ұйымының басқа­ру және атқару органдары:
1.Кеңес;
2.Саяси комиссия;
3.Құқық қорғаушы комитет;
4.Тұрақты техникалық комитет;
5.Шығу тегінің елі мәселелері жөнін­дегі техникалық комитет;
6.Кедендік баға беру жөніндегі техни­ка­лық комитет;
7.Үйлестірілген жүйе жөніндегі коми­тет;
8.Қаржылық комитет;
9.Үйлестірілген жүйені қайта қарау жөніндегі қосалқы комитет;
10.Ғылыми қосалқы комитет.
Тұрақты түрде әрекет ететін орган – ДКҰ хатшылығы Белгияның Брюссель қаласын­да орналасқан, оның штаты 104 қызмет­кер және 17 техникалық атташеден құрала­ды.
Дүниежүзілік кеден ұйымының жұмыс органдары – Тарифтер және сауда жө­ніндегі директорат, Құқық қорғау қызметі және халықаралық саудаға жағдай жасау жөніндегі директорат, Институционалды даму жөніндегі директорат, Кедендік қызметтің негізгі бағыттары жөніндегі ко­ми­теттер мен қосалқы комитеттер.