Сұрақ-Жауап. Кеңес

Егде тартқан әйелдің жас қыздан айырмашылығы

  • Егде тартқан әйелдің жас қыздан айырмашылығы

    Егде тартқан әйелдің жас қыздан айырмашылығы

Егде тартқан әйелдің жас қыздан айырмасы - ол барды бар күйінде қабылдай біледі. Барлығын естиді, көреді, біледі, бірақ ештеңе істемейді. Естісе де естімегендей болады, өзгелер өзін сөз қылып жатса да үндемейді, тек іштен тынады.

Ол өзгелерді өзгертуге тырыспайды, ештеңені түзеткісі келмейді. Күресуден пайда жоқ екенін біліп, беріле салады. Күйеуі, балалары, кім болса да бар болмысымен қабылдайды. Басқалардың кемшілігіне көз жұма қарап, өзі қиналып жүргенін де білдірмейді. Қабырғаға сүйеніп тұрып, оның берік екеніне көзі жетеді.

Көпті көрген әйел жас қызға қарағанда көп күйзеледі. Өзінің сүйікті жандары, жақындары жанында болса да біраз нәрсе қолынан келмейтінініне жаны қиналады. Махаббат жетіспегенінен емес, басқалар бәрібір өз ойындағыдай болмайтынына қынжылады. Өзгелер ойын құптамайтынына, оған өкпелеуіне, ренжітуіне төзе түседі. Өзінің сүйікті адамы екеуінің арасындағы әр сантиметрге ризашылық білдіреді.


Көпті көрген әйел біраз нәрседен қуаныш көріп, кез келген жағдайдан бақыт табуға тырысады. Басқа амалы жоқтығынан емес, әр нәрсені өзіне қарай бағыттай білуге шығармашылық күші жетуінен.

Ол қайғыны көтере біледі, ары қарай көбейтпейді, іздемейді. Өзінің жүріп өткен жолын, әр тәжірибесін қадірлей алады.

Аглая Датешидзе
Аударған: Әсел Асанова

massaget.kz




Көрілген: 6450    Пікірлер: 0

жұма, 12.02.2021, 23:39

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 16:42
    Пайдалы кеңестер
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30