«EGOV MOBILE» ОРНАТУДЫҢ 3 ТОП СЕБЕБІ

20 қараша 2020, 11:20

«eGov mobile» қосымшасы және оның көмегімен анықтама, құжат алу туралы толығырақ жазғанымызды сұраған едіңіздер. Ендеше кеттік!

 Қосымшада 70-тен астам қызмет пен сервис ұсынылған. Мысалы: ХҚКО-ға кезекке тұру, зейнетақы қорындағы жинағыңызды білу, соттылығы туралы, психо-наркодиспансерлерден анықтама алу, жүргізуші куәлігін шығаруға тапсырыс беру және т. б.

Тағы бір ерекшелігі &ndash цифрланған құжаттар. Электронды нұсқадағы жеке, жүргізуші, неке, баланың тууы туралы және т.б. куәліктер. Жаңа заңға сәйкес жақында бұларды «қағаз» құжат секілді ресми түрде қолдана аласыз.

Қосымшаға ЭЦҚ-ны бір рет орнатып, кейін телефондағы FaceID немесе TouchID көмегімен іске қосыңыз. Смартфонның құлпын ашқандай өте оңай.

‼️ Мобильді азаматтар базасында тіркелу өте маңызды. Осы сілтемеде тіркелу жолы туралы айттық.

eGov mobile-ді AppStore және GooglePlay-ден жүктеп алыңыз