Сұрақ-Жауап. Кеңес

Экстракорпоральды ұрықтандыру МӘМС пакеті есебінен жүргізіледі

  • Экстракорпоральды ұрықтандыру МӘМС пакеті есебінен жүргізіледі

    Экстракорпоральды ұрықтандыру МӘМС пакеті есебінен жүргізіледі

Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасының қолжетімділігі артты. Бұған дейін кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде ғана жасалатын жоғары технологиялық қызметтің бұл түрі биылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне енді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы хабарлады.

Жасанды ұрықтандыру &ndash ұрпақ өрбітудің әлемде кең таралған әрі ең заманауи тәсілдерінің бірі. Дүниежүзінде 40 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан бұл әдіс Қазақстанда 1996 жылдан бастап қолданысқа енгізілген болатын. Бүгінгі күні еліміз бойынша экстракорпоральды ұрықтандыру тәсілімен 22 мың бала дүниеге келді. Алды бүгінде ата-ана атанып та үлгерді. Ал, бедеулікке байланысты тіркеуде тұрған әйелдер саны 9 мыңнан асады. 

Филиал директоры Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламасы 2010 жылдан бастап кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне енгізіліпті. Ал, жыл басынан бері енгізілген МӘМС пакеті көпшіліктің қалтасы көтере бермейтін бұл қызметтің қолжетімділігін арттырып отыр.

«2020 жылы Алматы қаласы бойынша ЭКО процедураларына 527,3 млн теңге бөлінген. Оған 615 ұрықтандыру бағдарламасы жасалуы тиіс. Бүгінгі күнге дейін 259 әйел аталған бағдарламаға қатысып үлгерді», - дейді филиал басшысы.

Биыл оңтүстік астана бойынша аталған бағдарламаға 5 медицина ұйымы қатысып жатыр. Олардың бәрі де Медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт бекіткен:

·        «Private clinic» ЖШС

·        «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ  

·        «PERSONA» ЖШС  

·        «Экомед» фирмасы» ЖШС

·        «ЭКО» орталығы» ЖШС

«Экстракорпоральды ұрықтандыру әдісі &ndash әлемде белең алып жатқан бедеулік проблемасына қарсы күрестің ең тиімді тәсілдерінің бірі. Ол әйелдер мен ерлерде кездесетін бедеуліктің кез-келген түрін жеңіп шығуға мүмкіндік береді. Заманауи репродуктивтік технологиялар бала сүюден күдер үзген адамдарға үміт сыйлайтын кездері аз емес», - дейді дәрігер акушер-гинеколог, репродуктолог Анастасия Рыбина.

Айтуынша, осындай жандардың бірі квота кезегін 2 жыл күткен. Оған дейін бірнеше рет жасалған ұрықтандыру бағдарламасынан нәтиже шықпапты. Осы бағдарлама арқасында бойына бала біткен келіншек бүгінде ана болуға дайындалып жатыр, дейді дәрігер.

Естеріңізге сала кетсек, квота бойынша ЭКО бағдарламасына қатысу үшін тіркелген емхана арқылы арнайы есепке тұру қажет. Тиісті көрсетілімдер болған жағдайда дәрігерлер квотаға кезекке қояды. 

 




Көрілген: 609    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.10.2020, 14:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 15:54
    Адам тән емес

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31