Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Елордадағы достық монументінің авторы кім?

31 қаңтар 2011, 17:28

Еліміздің бас қаласы Астанада ұлтаралық татулықты,  халықтар ын­ты­мақ­тастығын  паш етіп тұрған  «Халықтар достығы»  монументі бар. Қала ор­та­лығында жарасым  тапқан осы  ескерткіштің авторы кім екенін білуге бола ма?
Талап Әбілқасым,
Алматы қаласы
2003 жылы бой көтерген бұл монументтің авторы – белгілі мүсінші Сәкен Нарынов. Елдік пен достықтың белгісіне айналған ол биіктігі сегіз метр болатын  үш бейнеден тұрады. Монументте тарихи тағдыр біріктірген адамдардың ынтымағы өзара бай­ла­ныс­қан үш қол арқылы өрнектелген. Басы мен шегі жоқ мұндай тораптар ұзақ өмірді, шексіз бақытты және тонның ішкі бауындай жарасымдылықты білдіреді. Мү­сіннің жанындағы субұрқақтардан ор­ман тә­різ­ді композиция жасалған. Әр су­бұр­қақ ор­таша мөлшердегі гранитті тақ­та­­лар­дың қиылысында орын тепкен. Сә­кен На­ры­новтың айтуынша, бұрқақтар елі­мізде қа­лыптасқан көптүрлі мәдениет үй­ле­сімді­лі­гін меңзейді.