Сұрақ-Жауап. Кеңес

Емханаға тіркелу үшін қандай құжаттар керек?

  • © yujanka.kz

    © yujanka.kz

Алматы қаласы № 5 емхананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Толқын Разинова онлайн брифинг барысында емханаға тіркелу тәртібі жайында баяндады.

 

Оның айтуынша, жыл сайын 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында мегаполис тұрғындарына өз қалауы бойынша емханаға тіркелу мүмкіндігі беріледі.

 

Тұрғындарды емханаға тіркеу мынадай қағидаттар бойынша жүзеге асырылады: тұрғындар тұрғылықты мекен-жайы бойынша қол жетімді емханаға, яғни өз ауданындағы емхананы таңдай алады. Оған қоса Медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) ұйымы мен маманын еркін таңдау мүмкіндігі бар. Оған жалпы тәжірибе дәрігері, учаскелік дәрігер, терапевт, учаскелік педиатр кіреді. Емханаға бас дәрігердің атына жазбаша түрде жеке жүгінген кезде немесе egov.kz электрондық үкімет порталына кіру арқылы тіркеле аласыз,-дейді ол.

 

Қызмет көрсету мерзімі 1 жұмыс күнін құрайды және тегін көрсетіледі. Тұрғындар тек бір емханаға және жылына бір рет қана тіркеле алады. Егер сіз жаңа емханаға тіркелсеңіз, бұрынғы ұйымынан автоматты түрде тіркеуден шығарыласыз.
МСАК ұйымын еркін таңдау құқығын пайдаланбаған адам бұрын қызмет көрсетілген ұйымына тіркелген болып қала береді. Тіркеу тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша жүзеге асырылады. Тіркеу науқаны кезеңінде тіркелген адамдар осы ұйымда келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық көмек алады,-дейді Толқын Разинова.

 

Емханаға тіркелу үшін қажетті құжаттар:

 

- жеке басын куәландыратын құжат, зейнеткерлер - зейнеткер куәлігі;

- мүгедектер - зейнетақы куәлігі немесе медициналық-әлеуметтік сараптаманы куәландыру актісінен үзінді;

- ҚР тыс жерде туылған балалар – шет мемлекетте туылғандығын растайтын құжат.

 

baq.kz




Көрілген: 420    Пікірлер: 0

жұма, 11.09.2020, 14:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 15:54
    Адам тән емес
    7 Қазан, 16:58
    ЭЦҚ деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31