Сұрақ-Жауап. Кеңес

Емханаңа тіркелу жайында жиі қойылатын 7 сұрақ

  • https://gb3.ru/

    https://gb3.ru/

15 қыркүйектен бастап Қазақстанда амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарға еркін тіркелу науқаны басталды. Медициналық сақтандыру қоры ең көп таралған сұрақтарға жауап дайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

1. Тіркелуге қабылданған өтініш қанша уақыт ішінде қаралады?

 

Азамат электрондық үкімет порталы арқылы бекітуге өтінім берген кезде бекіту немесе бекітуден дәлелді бас тарту 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

 

2. Неліктен үйге жақын емханаға тіркелу маңызды?

 

Біріншіден, бұл үйіңіз бен емхананың ортасында 15-20 минуттық жая жүруге болатындай қашықтықтағы медициналық көмекке қолжеткізу.

 

Екіншіден, үйде көмек алу, соның ішінде қажет болған жағдайда дәрігерді немесе мобильді бригаданы шақыру мүмкіндігі.

 

Барлық емханалар аумақтық қағидат бойынша жұмыс істейді және пациент емхананың қызмет көрсету аумағында тұрған кезде ғана үйде медициналық көмек көрсетіледі.

 

3. Мен бір уақытта бірнеше емханаға тіркеле аламын ба?

 

Сіздің тек бір емханаға тіркелу мүмкіндігіңіз бар, өйткені бекіту сіздің ЖСН жеке нөміріңіз бойынша жасалады. Ал, сізді бұрынғы емханадан босату автоматты түрде жүзеге асырылады.

 

4. Егер мен тіркеу науқаны кезінде өтініш бермеген болсам не болады?

 

Бұндай жағдайда сіз бұрын өзіңізге қызмет көрсетілген емханада тіркелген болып қаласыз.

 

5. Аталған науқан кезінде мен басқа емханаға тіркелуге өтініш бердім, ол жерде медициналық көмекті қай уақыттан бастап алуға болады?

 

Келесі жылдың 1- қаңтарынан бастап аласыз. Ағымдағы жылдың соңына дейін сіз өзіңізге бұрын қызмет көрсетілген емханада медициналық көмек алуды жалғастыратын боласыз.

 

6. Қандай жағдайларда мені емханаға тіркеуден бас тартуы мүмкін?

 

- Жалған ақпарат ұсынған уақытта;

- Пациенттің нақты тұру мекені емхананың қызмет көрсету аймағынан тыс жерде орналасқаны анықталған кезде;

- Бекітілген халық саны жалпы практика дәрігеріне 1,7 мың адамнан, учаскелік педиатрға 0-ден 6 жасқа дейінгі 500 баладан, 0-ден 14 жасқа дейінгі 900 баладан асқан кезде;

- Тіркелген тұлғаның заңды өкілдігін растайтын құжат болмаған кезде.

 

7. Емханаға бекітілу қандай НҚА бойынша реттеледі?

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылдың 13-қарашасындағы № ҚР ДСМ-194/2020 «Жеке тұлғаларды МСАК ұйымдарына тіркеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен реттеледі.

 

 

 

 




Көрілген: 548    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.09.2021, 11:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қараша, 17:12
    Ұзақ жасау – бақыт па?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30