Сұрақ-Жауап. Кеңес

Емізу арқылы коронавирус балаға берілмейді

  • Емізу арқылы коронавирус балаға берілмейді

    Емізу арқылы коронавирус балаға берілмейді

Эндокринолог, дәрігер Эльвира Наурузова айтуынша, балаға емізу арқылы вирус берілмейді. Бірақ коронавирусқа шалдыққан анадан демі арқылы балаға жұғуы мүмкін екен. Бүгінде пандемия кезінде жүкті әйелдермен жұмыс істейтін дәрігер Эльвира Наурузовамен осы жайында сөз қозғадық.

дәрігер
– Жүкті қыз-келіншектер коронавирусқа қалай қарсы тұра алады? Ол үшін не істеу керек?

Дәрі неге тапшы?

Нұрлан Нығматулин коронавирустан құлан-таза айықты
Шикі сүт адамға зиян екен
– Аяғы ауыр қыз-келіншектерге айтарым, ара қашықтықты сақтап, үйде отырғандары дұрыс. Көп жерге бармай, кафелерге де жоламаған жөн. Сыртқа шыққанда бетперде киіп, қолды кір сабынмен жуу қажет. Д мен С дәрумендерін ішу міндетті. Негізі Д дәруменін туберкулезде, тыныс алу жолдарына қатысты ауруларға пайдаланатын. Егер өз мөлшеріңізді білмесеңіз, күніне 2000 мг ішу қажет.

Екіншіден, жүрген жерімде С дәріменін ішу керегін айтып отырамын. Оның профилактикалық мөлшері – 1000 мг. Аяғы ауыр қыз-келіншектерге 500-ден бір күнде екіге бөліп беріледі. Ол дәрумен қышқылдар тобына жататындықтан асқазан жарасы, гастриті барларға аш қарынға ішуіне болмайды. Оның үстіне жүкті келіншектердің токсикозын қоздырып жібереді. Сондықтан Ester-C ішкен дұрыс. Дәріханада болмаса кәдімгі С дәруменін алып іше беру керек. Бастысы – тамақтан кейін ішсе болғаны.
– Жақындарының бірі коронавирусқа шалдыққан болса, жүкті әйелге не істеу қажет?

– Бір пациентімнің күйеуі коронавирусқа шалдыққан болып шықты. Сол кезде әлгі келіншек не стерін білмей хабарласқан. Сондықтан байбаламға салып, күйгелектенудің қажеті жоқ. Ода бұл дерттің симптомдары байқалмаған. Ондайда тест тапсырудың қажеті жоқ. Жақын байланыста болғадықтан бәрібір одан коронавирус табылады. Одан гөрі өз учаскелік дәрігерін ескертіп, дәрумендерін ішіп, бір жұмадан кейін ПЦР-ға анализ тапсыруы керек. Егер мұрын қышып, тамақ ұстай бастаса тұзды сумен шайыңыз. Арақпен ингаляция жасаудың қажеті жоқ. жалпы, аяғы ауыр келіншекті дәрі-дәрмек беріп емдемейміз. Ол дәрілердің балаға кері әсер тиуі мүмкін.


– Бұл дертке шалдықса не істеген дұрыс? Емізу арқылы балаға коронавирус жұға ма?

– Жалпы, COVID-19-ға -қа қарсы тұратын дәрі жоқ. Жөтел құрғақ болып, әлсіздік сезінсе, дене ыстығы 38-ге дейін көтерілсе, вирустың жеңіл түрі ретіне жатады. Оларға да сол дәрумендер система арқылы салынады. Қандай сұйықтық ішсе де жылы күйінде көп мөлшерде іше беруі керек. Дене қызуы 38-ден жоғары болып, дем жетпей, тыныс алуы қиындай түссе, жөтел жиіленіп, күшейе түссе, жедел жәрдем шақырту қажет.

Ал емізу арқылы коронавирус балаға берілмейді, бірақ дем алу арқылы жұғуы мүмкін. Баланың сақтығы үшін ананың қасына қалдырмай, сау туыстарына беріледі. Өйткені 1 жасқа дейінгі балалар қауіпті топқа жатады. Ана айығып, тест терістігін көрсетсе, бала қайта қайтарылады. 




Көрілген: 521    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.07.2020, 13:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31