Сұрақ-Жауап. Кеңес

Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын үйде отырып алуға болады

  • Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын үйде отырып алуға болады

    Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын үйде отырып алуға болады

Үйде карантиндегі адамдар үшін еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы медициналық ұйымдарға бармай-ақ ресімделеді.
Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Әсел Бисенбаева брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, мүгедектікті немесе еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу, әлеуметтік қорғау шараларын анықтау сынды қызметті "Электрондық үкімет" веб-порталындағы өтініш пен қажетті құжаттарды қабылдау жолымен алуға болады. Бұл медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне бармай-ақ жүзеге асырылады. Яғни, коронавирустың тікелей байланысын болдырмау және таралуына жол бермеу мақсатында жасалған.

Тәулік бойғы стационарларда карантиннің әрекет ету уақытында жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету және ауруханаларға жоспарлы емдеуге жатқызу шектелетін болады. Бұл ретте, шұғыл бөлімшелер бұрынғыдай тәулік бойы жұмыс істейді, - деді ол.

Сондай-ақ, ол барлық медициналық ұйымда көрсетілетін көмектің ерекшелігін ескере отырып, COVID-19 белгілері бар науқастар анықталған жағдайда, оқшаулау үшін арнайы орындар бөлінгенін жеткізді.

СОVID-19 ауруына күдікті пациенттермен кездесіп қалмауын қоспағанда, күнделікті пациенттердің легін бөлу қарастырылды. 1 қаңтардан бастап 1 шілде аралығында Қазақстанның барлық тұрғындары шартты түрде сақтандырылған болып есептелетіндігі баршаға мәлім. Жеңілдікті кезең өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, тіркелмеген жұмыссыздар және қаңтар, ақпан, наурыз айларында жарна төлемеген жеке кәсіпкерлер міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болу үшін беріледі, - деді ол.

 

BAQ.KZ

 




Көрілген: 712    Пікірлер: 0

жұма, 03.04.2020, 23:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 08:15
    Ерлер неден қорқады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30