Енді ХҚКО-да мемлекеттік қызметтерге баж салығын QR-кодтың көмегімен төлеуге болады
Жаңа аптаны жағымды жаңалықпен бастаймыз. ХҚКО-ларда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге баж салығын төлеу үшін кассаға кезекке тұрудың қажеті жоқ.
Halyk Bank, Сбербанк, АТФ Банк, Қазпошта және Activ ұялы операторы мобильді қосымшалары арқылы QR-кодтың көмегімен орныңызда отырып-ақ, лезде төлем жасай аласыз.
ОЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Төлем жасау үшін ХҚКО менеджерінен QR код алу;
 Мобильді қосымшалардың бірі арқылы осы кодты сканерлеу;
 төлеу
#сақтаңыз #бөлісіңіз #жазылыңыз