Сұрақ-Жауап. Кеңес

Ер азаматтар үйленгеннен соң қандай қылықтардан ада болып, не нәрселерді ұмыта бастайды екен?

  • Ер азаматтар үйленгеннен соң қандай қылықтардан ада болып, не нәрселерді ұмыта бастайды екен?

    Ер азаматтар үйленгеннен соң қандай қылықтардан ада болып, не нәрселерді ұмыта бастайды екен?

 Ер азаматтар үйленгеннен соң қандай қылықтардан ада болып, не нәрселерді ұмыта бастайды екен?

Жылы сөз

"Мен сені сүйемін" деп айтып құтыламын деп ойламаңыз. Иә, қыз жүрегін жауламай тұрып "мен сені сүйемінді" айту қиямет-қайым болатын. Әрең дегенде айтып, кейіннен бұл сөз тек қыз жүрегіне арналған кілт секілді болып қалады. Құпия сөз секілді жұмсалатын бұл сөзді қыздар қашан да күтеді. Сіз ол қызбен үйленіп, отбасылы болсаңыз да... Балалы-шағалы болсаңыз да... Оны сүйесіз бе? Ендеше, сүйетініңізді айтудан жалықпаңыз. Әйел адам ерінің тарапынан айтылатын мұндай сөздерді қай жаста болса да тыңдауға әзір.


Гүл сыйлау

Гүл сататын дүкендегі сатушылар сізді жақсылап танып алғанша гүл сыйлауды доғармаушы едіңіз. Аңсаған аруыңызға қолыңыз жетіп, бүгіндері екеуіңіз шаңырақ көтeріп, бірге өмір сүріп жүрсіздер. Ал енді ойланыңызшы, сіз оған соңғы рет қашан гүл сыйлап едіңіз? Тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағанда ма? Одан бері қанша уақыт өтті? Таң атқаннан терезесіне қойып кетуші едіңіз... Кеш батқанда күлімсіреп артыңызға жасырып әкеліп тұрушы едіңіз... Соның бәрін сіз ұмытсаңыз да, жарыңыз ұмытқан емес.

Атаулы күндер

Сіздердің ең алғаш танысқан күндеріңіз... Жарыңызға ең алғаш тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған күн... Сіздер үйленген күн... "Қай күні еді?" деп ойланып отырсыз ба? Мұндай күндерді жігіттер үйленбей жатып та есте онша сақтай бермейді. Әрине, бәрі емес. Сіздің есебіңізше, жарыңызбан отасқаныңызға екі жыл болуы мүмкін. Бірақ әйеліңіздің есебінше 1 жыл, 8 ай, 19 күн болды.

Уәде

Жігіттер үйленбей тұрып көп уәде береді. Бірақ олардың кейбірін үйленіп алған соң орындай алмай жатады. Тағдырдың тарам жолдары айтқанымызға көне бермейтінін ескерсек, мұны елемеуге де болады. Бірақ алар қызын үлде мен бүлдеге орамақ болып, кейіннен өзін өзі жоғалтып алатын ерлер де жоқ емес.

Алаңсыз ақша шашу

Отбасы болған соң, тұрмыстық қажеттіліктер үшін қаражат керек-ақ. Мейлінше, кірістің көп, шығыстың аз болғанын қалайсыз. Сол себепті босқа теңге жаратуды доғара бастайсыз. Үнемдеуді үйреніп, бұрын бір өзіңіз ғана болсаңыз, бүгін екі адам үшін жұмыс жасайтын боласыз.

Достарға көңіл бөлу

Көбіне ер адамдарға қарағанда әйел адамдар тұрмысқа шыққан соң бұрын бірге жүрген құрбыларымен арасын үзе бастайды. Ал ер адамдардың ішінде де мұндай жоқ емес. Бала-шағаны асыраудың қамымен кей ер азаматтар достарына баяғыдай көңіл бөлуді доғарады.

Серілік құру

Сенімді серігін тапқан ер жігіт үйленген соң сергелдеңге түсіп серілік етуді қойғаны жөн. Мұндай жүрісті бәрі болмаса да, ес тоқтатқан есті ер жігіт ұмытары сөзсіз.




Көрілген: 800    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.09.2020, 20:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 15:54
    Адам тән емес
    7 Қазан, 16:58
    ЭЦҚ деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31