Сұрақ-Жауап. Кеңес

Ерлі-зайыптылар үшін төсек қатынасына түспеудің қандай қаупі бар - Дәрігер кеңесі

  • https://blog.karpachoff.com/

    https://blog.karpachoff.com/

Белгілі дәрігер-сексолог және психотерапевт Евгений Кульгавчук жыныстық қатынастан ұзақ уақыт бойы бас тарту ерлер мен әйелдер үшін неліктен қауіпті екенін айтты деп жазады РИА Новости.

 

"Жыныстық қатынас бірнеше жылдар бойы болмаған кезде, ерлі-зайыптылардың арасында психологиялық проблемалар туындайды. Бұл аурулардың өршуіне ықпал етуі мүмкін: әйелдерде - миома, мастопатия немесе неврастения. Еркектерде несеп-жыныс жолдарының әр түрлі мәселелері, эректильді дисфункция, жыныстық қатынастың төмендеуі, ерте андропаузаның қаупі бар", - деп атап өтті сарапшы.

 

Ол күн мен апта үзілістері қалыпты жағдай екенін айтты.

 

Сарапшының түсіндіруінше, айдың соңғы апталарында ұзақ демалуға жол бермеу маңызды. Бұндай жағдайда 40 жастан асқан ер адамдарда "үлкен ойынға" мүлдем оралмау қаупі артады.

 

Еске сала кетсек, осыған дейін белгілі уролог-андролог Олжас Иманғалиұлы төсекте өзін әлсіз сезіне бастаған ер адамдардың күш-қуатты арттыру үшін түрлі дәрі-дәрмекке жүгінуі артқанын атап өтті.

 

"Дәрігерге келуге намыстанып, өз бетінше емделетіндер арамызда көп кездеседі. Бірақ бұл қателік екенін өздері де біле бермейді. Қазір дәріханаларда еркектің төсектегі белсенділігін арттыратын дәрі-дәрмектер көп және олардың барлығы қолжетімді бағада. Біздегі ер адамдарға дәрігерге келіп, аурудың төркінін анықтағаннан гөрі, дәріханадан дәрі ала салған әлдеқайда жеңіл. Иә, аталған дәрілер еркектің күш-қуатын арттырады. Бірақ уақытша ғана... Уақытша өзін жеңіл, нағыз еркек сезінеді де, кейін бәрі бастапқы қалпына қайта түседі. Тіпті, мұндай дәрілерді көп қабылдаудың арты аурудың асқынуына әкелуі мүмкін. Сондықтан, төсектегі қабілеті төмендеген ер азаматтар қауымы шұғыл уролог-андрологқа көрініп, ауруды емдегені дұрыс", - дейді дәрігер.

 

 

kaz.nur.kz/




Көрілген: 1215    Пікірлер: 0

жұма, 02.04.2021, 12:12

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 16:42
    Пайдалы кеңестер
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31