Сұрақ-Жауап. Кеңес

Ерлерге қарағанда әйелдер неге тоңғақ келеді

  • https://islam.kz/

    https://islam.kz/

Израил ғалымдары әйелдердің ерлерге қарағанда суыққа төзімсіз келетінін анықтады. Ғалымдар бұл ерекшелікке ХХ ғасырдың бас кезінен бері жүргізіліп келе жатқан жарқанаттарға қатысты жазбаларды талдай отырып, көз жеткізген.

 

Бұл жайында islam.kz порталы Times of Israel ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Тел-Авив университетінің Зоология мектебінің докторы Еран Леуин бұл айырмашылықты ерлер мен ұрғашыларың түрлі температураға артықшылық беруін олардың жүйке жүйесімен байланыстырып түсіндіреді.

 

Оның айтуынша, ерлер мен әйелдер ауруды бірдей сезінбейді. Осылай дей келе ол жыныстық белгісіне қарай білінетін бұл айырмашылықтың құстар мен жарқанаттар арасында кеңінен тарағанын жеткізді.

 

Мәселен, жарқанаттың еркегі суық шалған тау шыңына дейін көтеріледі, ал ұрғашысы ауа температурасы жоғары ойпаң жерлерде көп ұшады.

 

Тел-Авив қаласындағы Сураски медицина орталығының және Хайфа университетінің ғалымдары да мұндай айырмашылықтың эволюция үшін пайдалы екенін алға тартып отыр.

 

Израилдік ғалымдардың тұжырымы бойынша бұл айырмашылық өз кезегінде ер мен ұрғашы арасындағы бәсекелестіктен туындайтын агрессияны тежейді. Еркегінің ұрғашы мен балапандарына агрессиясын азайтпақ.

 

Бұдан бөлек, ұрғашының суыққа төзімсіз келуінің тағы бір пайдасы – ұрпақ өрбітетіндіктен қажет кезінде температураны реттеуіне көмектеседі, яғни, әлсіз балапандарын суықтан қорғауына ықпал етпек.

 

 




Көрілген: 458    Пікірлер: 0

сенбі, 30.10.2021, 17:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Желтоқсан 2021
    Ұл керек пе, қыз ба?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31