Сұрақ-Жауап. Кеңес

ЭЦҚ кілтін флешкамен алып жүрудің қажеті болмайды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Қазақстанда осы жылдың соңына дейін бұлтты электронды цифрлық қолтаңбаны енгізу жоспарланып отыр. Жоба eGov платформасында іске асады.

 

Бұл туралы онлайн брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» өкілдері мәлімдеді.

 

Олардың айтуынша, жаңа қызмет ЭЦҚ алу процесін айтарлықтай жеңілдетуге және оны жоғалтпауға мүмкіндік береді.

 

Жалпы ЭЦҚ алу Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы ең жиі сұралатын қызметтердің бірі. Былтырдың өзінде 5 миллионға жуық қазақстандық электронды цифрлық қолтаңба алуға өтініш берген. Бұл қызметке сұраныс барлық өтініштердің 30 процентін құрайды. 

 

Сүйеніш Әбділдин, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

 

- Өткен жылдың күзінен бастап mGov мобильді қосымшасында биометриялық деректер арқылы авторизация мен тіркеуді іске қостық. Бұлтты ЭЦҚ осы биометриялық деректер бойынша болады. Жүйенің өзі файлдық болмайды. ЭЦҚ қашықтағы серверлерде сақталады және биометриялық сәйкестендіру арқылы алынады.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 858    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.07.2021, 17:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 11:48
    Терлей бересіз бе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30