Сұрақ-Жауап. Кеңес

ЭЦҚ-ны ХҚО-ға бармай-ақ қашықтан қалай алуға болады?

  • ЭЦҚ-ны ХҚО-ға бармай-ақ қашықтан қалай алуға болады?

    ЭЦҚ-ны ХҚО-ға бармай-ақ қашықтан қалай алуға болады?

Ол үшін:
Қолданыстағы жеке куәліктің түпнұсқасы немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиіс;
 SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігі бар телефон;
 Компьютеріңізде веб-камера болуы керек;
 Компьютерге NCALayer бағдарламасын орнатыңыз.
 Порталдың басты бетінде еgov.kz "ЭЦҚ қашықтықтан алу"батырмасын басыңыз. Жүйе компьютерде веб-камераның болуын тексереді. Қалқымалы терезеде "Рұқсат ету" түймесін басыңыз.
 Мобильді азаматтар базасында (МАБ) телефон нөміріңіздің тіркелуін тексеру үшін ЖСН көрсетіңіз. Тексеру сәтті өткен жағдайда 1414 нөмірінен келген SMS-кодты (бір реттік құпиясөз) енгізіңіз;
 Назар аударыңыз! Егер сіз бұрын МАБ-та тіркелмеген болсаңыз немесе бір реттік парольді алмаған болсаңыз, жүйе Сізді және телефон нөміріңізді тіркеуді/қайта тіркеуді ұсынады.
 МАБ-та сәтті тіркелгеннен кейін жүйе компьютерде NCALayer бағдарламасының болуын тексереді;
 "ЭЦҚ алуға өту" батырмасын басыңыз және қашықтықтан сәйкестендіру беті ашылады, онда МАБ-та тіркелген телефон нөмірін және SMS-кодты енгізу қажет. Енгізгеннен кейін жеке басын растап, (Digital ID жасау),"Бастау" батырмасын басу қажет»
 Сізге селфи суретін қосу терезесі ашылады. Бет-әлпетіңізді ортадағы шеңберге "орналастырып", фото белгісіне басыңыз. Селфи қосқаннан кейін бейне сәйкестендіруді өту үшін "Жалғастыру" түймесін басыңыз;
 Әрі қарай сізге бейнесәйкестендіру терезесі ашылады, онда "Бастау" түймесін басу керек. Бейнесәйкестендіру сәтті өткеннен кейін аккаунтқа әрі қарай кіру үшін PIN-кодты ойлап тауып, "PIN-кодты орнату" батырмасын басу қажет»
 Жеке куәліктің фотосуретін жасап, қосыңыз немесе файлды жүктеңіз және құпиясөз арқылы жеке кабинетке кіріңіз;
 Электрондық мекенжайды өтініштің электрондық нұсқасына қосыңыз және кілтті сақтау орнын таңдаңыз, содан кейін оның орналасқан жерін көрсете отырып, өтінім жіберіңіз;
 Бұдан әрі ЭЦҚ сақтау үшін кілттер қоймасына жолды көрсетіңіз (папканы таңдаңыз) және " Ашу " батырмасын басыңыз».
 ЭЦҚ-да құпиясөз ойлап табыңыз және енгізіңіз және "сертификаттарды Жүктеу"батырмасын басыңыз.




Көрілген: 4852    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.01.2021, 18:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31