Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Евровидениеге» қай елдер қатыспайды?

26 желтоқсан 2012, 13:17

«Биыл бірқатар ел «Евровидениеден» қалып қойды» деген сыбыс шарлап жүр. Ол қандай елдер, не үшін байқаудан сызылып қалып отыр?
Ақжарқын Сәбитқызы,
Алматы қаласы
Экономикалық дағдарыстың өз сал­қынын «Евровидение» секілді байқау­ларға да тигізіп жат­қаны өтірік емес. Расында, биыл «Евро­виде­ние» Босния мен Герцего­вина, Порту­галия және Түркия, Словакия сынды төрт бірдей елсіз өтпек. «Басты себеп – эконо­ми­калық қиындық, яғни қар­жылай тапшы­лық» дейді «Голос России» «Евро­ви­дение» ұйым­дастырушыларына сілтеме жасап. Ал мұның алдында тіпті «10 ел бас тар­тады» деген ақ­парат тараса керек, оның ішінде тіпті Грекия мен Кипр де болған. Алайда, жеме-жемге келгенде, ол ақпарат жоқ­қа шығып, осы төрт ел нақтыланды. Со­ны­мен қатар араға бір­шама жылдық дема­лыс салып, биыл бай­қауға қайта қосылатын Армения барын айта кету ке­рек. Естеріңізде болса, өткен жылғы Әзірбай­жанда өткелі тұрған турнирге байкот жариялаған осы Армения болатын. Ал жаңа 2013-тің «Евро­ви­дениесі» мамырдың 14-18-і аралығында швед­тің әйгілі Мальме қала­­сында өтеді. Бұл әй­гілі байқаудың Шве­цияда осымен бесінші рет өтуі болмақ.