Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Футболды реформа күтіп тұр

21 қаңтар 2011, 10:22

Алдағы уақытта футболдан Еуропа чемпионаттары көктем-күз жүйесіне ауысатынын естідім. Бұл ақпараттың шындыққа жанасымы бар ма? Және де оларды бұл қадамға баруға не мәжбүрледі?
Қуаныш СМАҒҰЛОВ,
Семей қаласы
Бұл ақпараттың шындыққа жанасымы бар. Бірақ толықтай әлі шешіліп, бекітілген жоқ. Нақтырақ айтсақ, УЕФА президенті Мишель Пла­тини мен ФИФА басшысы Йозеф Блаттер ішкі футбол чемпионаттары мен турнирлерін көктем-күз жүйесіне ал­мастыру туралы бағдарлама жасап жатыр. Яғни ішкі біріншіліктер, Чемпиондар ли­гасы, Европа лигасы, Либертадорес кубогы сияқты клубтық деңгейдегі турнирлер бұрынғыдай күз бен көктем аралығында емес, көктем мен күз аралығында өтуі әбден мүмкін. Ал Еуропа және әлем чем­пио­наттары қыс мезгілінде ұйымдас­ты­рылады. Бірақ ол үшін ФИФА атқару комитеті бұл бастаманы құптап, осы жүйеге дауыс беруі керек. Егер барлығы бірауыздан қолдаса, аталмыш жүйе 2015 жылдан бастап жүзеге асатын болады. Негізі, бұл баста­маның қолға алынуы Еуропа ел­дерінің ішкі біріншіліктеріндегі ойын­дардың кейінге шегерілуінің жиілеп кеткендігімен байланысты болып отыр. Күннің күрт суықтап кетуіне байланысты Англия, Испания, Италия секілді бірінші­ліктерде кейбір матчтар кейінге шегеріліп қалып жатады. Міне, басты назарды осы мәселеге аударған басшылар бір өзгеріс енгізуді жөн деп тауыпты.