Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ғалымдар ерлердің иісі әйелдерге қалай әсер ететінін анықтады

05 қаңтар 2018, 12:56

Канададағы Британиялық Колумбия университетінің психологтары ер адамның иісі серігінің күйзелісін төмендететінін анықтады. Олардың материалын MedXpress журналы жариялады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі ria.ru басылымына сілтеме жасап.

Зерттеуге 96 жұп қатысты. Ерлерге таза жейде берілді. Олар оны бір тәулік бойы киіп жүруі тиіс болды. Сонымен қатар, дезодорант пен хош иісі бар химияны жағуға, темекі тартуға тыйым салынды. 24 сағаттан кейін жейделер өз иісін сақтап тұру үшін қатырылып тасталды.

Кейін әйелдерге сараптамаға қатысушы басқа ерлердің (өз сүйіктілерінің емес) киген жейделерін иіскетті.

Осыдан кейін нәзік жандылар күйзеліс тестін тапсырды. Онда математикалық тапсырмалар болды және олар өздерінің көңіл-күйіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Организмдегі кортизол (күйзеліс гармоны) деңгейін өлшеу үшін әйелдердің сілекейіне талдау жасалды.

Сараптама деректеріне сәйкес, ғалымдар өз сыңарларының жейдесін иіскеген әйелдердің көңілі орнында болғанын анықтады. Оларда кортизолдың ең төмен деңгейі тіркелген. Ал, өзгенің жейдесін иіскегендер күйзеліске түсіпті. Мамандар мұндай заңдылықтарға эволюциялық факторлар әсер етеді деп отыр.

«Кішкентай кезінен бастап адамдар бейтаныс адамнан, әсіресе ер адамнан сескенеді, тартынады. Сондықтан бөтен адамдардың иісі организмде «ұр немесе қаш» деген реакция туғызуы ықтимал. Ал, ол кортизол деңгейін көтереді. Бұл саналы түрде болмауы мүмкін», - деді зерттеу авторларының бірі Марлиз Хофер.