Сұрақ-Жауап. Кеңес

Ғалымдар карантин кезіндегі ең зиянды сусындарды атады

  • https://sn.kz/

    https://sn.kz/

Коронавирустық инфекция кезеңінде денсаулықты сақтау үшін мамандар тамақтану мен сусын ішуге аса мұқият қарауға кеңес береді, деп хабарлайды "Звезда" телеарнасының сайты.

 

Ресей ұлттық нутрициология (тамақтану туралы ғылым) мен диетологтар қауымдастығының мүшесі, PRO & FIT компаниясының жетекшісі, дәрігер-диетолог Марина Макиша карантин кезінде ас-су ішудің пайдасы мен зиянды тұстарына қатысты өз ойымен бөлісті.


"Алдымен карантин кезінде қолдануға ұсынылмайтын сусындар туралы айтатын болсақ, бұл құрамында қанты бар барлық сұйықтықтар. Соның ішінде түрлі газды сусындар мен пакетті орамадағы жеміс шырындары, тіпті квас та болмайды. Өйткені оның да құрамында қант бар", – дейді дәрігер.

 

Маман иммунитет өте маңызды сәтте қант пен сусындар адамның иммундық жүйесіне көп зиянын тигізетінін, сондай-ақ оларды коронавирус жұқтыру қаупі жоғары кезде қолдануға мүлдем болмайтындығын айтады.

 

"Қант күрделі қабынуды тудыратын және иммундық жүйеге ауыртпалық түсіретін өнім", – деп түсіндірді ол.

 

Сарапшы пікірінше, иммунитет үшін ең зиянды сусындар құрамында орта есеппен 100 миллилитр тәтті сұйықтықта 12-15 грамм қант бар.

 

Карантин кезінде денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін болғандықтан күніне жарты литр қарапайым су ішу жеткілікті.

 

Сонымен қатар, дәрігер-диетолог қазіргі кезде шай мен кофе ішуге кеңес береді. Өйткені бұл сусындар ағзаға ынталандырушы әсер етеді. Осы тұста нақтылай кететін бір нәрсе – бұл сусындарды әлсіз және қалыпты мөлшерде тұтыну маңызды, әйтпесе олардың ағзаға жағымсыз әсер етуі мүмкін.

 

Сондай-ақ, байытылған сусындар өзін-өзі оқшаулау режимінде өте пайдалы.

 

"Яғни табиғи, қантсыз, жаңа піскен немесе мұздатылған жидектердегі жеміс сусындарын пайдаланудың маңызы зор. Оны өсімдік шөптерінен де жасауға болады", – деді Макиша.

 

Иммундық жүйеге жақсы әсер ететін және денені сергітетін мұндай сусынға лимон, апельсин немесе басқа да жеміс шырынын араластырып қолдану артықтық етпейді. 

 

sn.kz




Көрілген: 398    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.04.2020, 11:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Сәуір, 12:16
    АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚТАР!
    16 Сәуір, 23:47
    1414 не үшін керек?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31