Сұрақ-Жауап. Кеңес

Ғалымдар коронавирустан айыққаннан кейінгі ең қауіпті уақытты атады

  • https://www.aa.com.tr/

    https://www.aa.com.tr/

Мичиган университетінің ғалымдары коронавирустан айығып, ауруханадан шыққаннан кейінгі алғашқы бір жарым аптада науқастар үшін қайтадан ауруханаға түсу немесе асқынулардан өлу қаупі бар екенін анықтады.

 

COVID-19 індетінен жазылғаннан кейінгі ең қауіпті уақыт туралы Journal of the American Medical Association басылымы жазды. 

 

Зерттеушілер коронавирусқа шалдығуына байланысты ауруханада жатып шыққан 2200 ардагер, сондай-ақ пневмониямен ауруханада жатқан 1800 пациент және жүрек-тамыр аурулары бар 3500 адам туралы мәліметтерді талдаған.

 

Алғашқы 10 күнде ауруханадан шығарылған науқастардың жүрек жеткіліксіздігінен немесе коронавируспен байланысты емес пневмониядан емделген адамдарға қарағанда өлу қаупі 40-60 пайызға жоғары екені белгілі болды.

 

Алғашқы екі айда ауруханадан шығарылғандардың 9 пайыз қайтыс болса, 20 пайызы қайтадан ауруханаға түскен.

 

Алайда, 60 күннен кейін бұл қауіп өзге екі ауруға қарағанда аз болды.

 

Пациенттердің жасы маңызды фактор болып табылады: 70-80 жас аралығындағы ардагерлердің жартысына жуығы ауруханадан шыққаннан кейін 60 күн ішінде қайтыс болған.

 

Ауруханаға қайта түскен ардагерлердің 22 пайыздан астамы реанимацияға түсіпті.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ғалымдар коронавирус жұқтырған науқастар үшін ең қауіпті күнді атаған болатын.

 

 

 

turkystan.kz




Көрілген: 3529    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.12.2020, 02:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31