Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ғалымдар семіздіктің ел білмеген қаупін ашты

28 желтоқсан 2017, 14:13

АҚШ ғалымдары семіздіктің қан түзетін тін жасушаларына кері әсер ететінін анықтады. Зерттеу қорытындысы Journal of Experimental Medicine басылымында жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Тышқандарға тәжірибе жасау арқылы зерттеушілер семіздіктің гемопоэтикалық тін жасушаларына немесе гемоцитобласттарға ауыртпалық түсіретініне көз жеткізді. Бұл жасушалар көптеген сүйек қуысындағы қызыл ми ұлпасында орналасады.

Семіздікке шалдыққан тышқандардың жасуша құрылымы өзгеріп, олардың ұзақ мерзімді жұмысына кедергі болған. Осыдан кейін ғалымдар тышқандарды арытып, қалыпты салмаққа жеткізгенімен құрылымдық өзгерістердің бір бөлігі сақталып қалған.

Еңбек авторлары мұны Gfi1 генінің жоғары экспрессиялығымен байланысты деген ой түйді. Өз кезегінде бұған ағза семіздікке шалдыққанда пайда болатын тотықтырғыштық күйзеліске әкеп соқтырады екен. Ғалымдар бұл жаңалық ары қарай адамның тамақтануы қан жасушаларының түзілуі мен қанның бұзылуына қалай әсер ететінін анықтауға мүмкіндік береді деген ойда.

kaz.tengrinews.kz