Сұрақ-Жауап. Кеңес

Ғалымдар шайдың ешкім күтпеген пайдасын анықтады

  • Ғалымдар шайдың ешкім күтпеген пайдасын анықтады

    Ғалымдар шайдың ешкім күтпеген пайдасын анықтады

 Зерттеу жұмысына жүз мыңнан аса адам қатысқан, қытайлық ғалымдар пациенттерді жеті жыл бойы бақылаған

Шайды күнде ішу атеросклероз бен жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға септігін тигізеді. Сондай-ақ өмір сүру ұзақтығын арттырады.

Бұл туралы Қытай ғалымдарының зерттеуінде айтылған, деп хабарлайды iz.ru.

Зерттеу 1998 жылы басталған China-PAR (Prediction for atherosclerotic cardiovascular disease risk in China) жобасы аясында жүргізілді. Оның негізгі мақсаты – жүрек-қан тамырлары ауруларының даму тәуекелдерін зерделеу.

Мамандар халық арасында шайға қатысты сауалнама жүргізді. Сондай-ақ пациенттердің ауру тарихы мен өлімі туралы куәліктерін зерттеді.

Зерттеу жұмысына барлығы 100 мыңнан астам адам қатысты. Ғалымдар пациенттерді 7,3 жыл бойы бақылаған.

Нәтижесінде шайды жақсы көретіндер, бұл сусынды мүлде ішпегендерге қарағанда, атеросклероз және жүрек-қан тамырлары ауруларына орташа есеппен 1,41 жылға кеш шалдыққаны анықталды.

Бұдан бөлек, шайды үнемі ішкен 50 жастан асқан адамдар, сирек ішкендермен салыстырғанда, орта есеппен 1,26 жылға ұзақ өмір сүрген.

sputniknews.kz




Көрілген: 503    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.01.2020, 11:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 08:15
    Ерлер неден қорқады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30