Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Гол соққаны үшін жазаға тартылды

29 қараша 2012, 12:06

Чемпиондар лигасында «Шахтер» (Донецк) клубының шабуылшысы Луис Адриано гол соққаны үшін жазаға тартылыпты. Fair play қағидасын бұзған дейді, ол немене?
Ағыбай Н.

Чемпиондар лигасының бесінші турында «Нор­д­шелланд» (Копенгаген) және «Шахтер» (До­нецк, Украина) клубтары арасындағы бір гол таза со­ғылмады. Есеп 1:0 болып, алаң иелері алда тұрған. Ойын барысында екі команданың ойын­шы­лары бір-бірімен соғылысып қалады. Төреші олар «жарақат алып қалған жоқ па екен» деп, ойын­ды тоқтатады. Соншалықты ештеңе болма­ғанын білген соң, допты «Шахтердің» ойыншысына беріп, «допты айдын иелеріне қайтарып бер» деп ескертеді. Виллиан допты қарсыластарының қақ­па­сына қарай, алы­сырақ теуіп жібереді. «Норд­шел­ланд» клубының ойыншылары допты көз­де­рімен шығарып салып, «қақ­пашымыз алады ғой» деп қаннен-қаперсіз тұр­ғанда, «Шахтер» ша­буыл­шысы Луис Адриано ытып шығып, допты іліп ала­ды да, дат клубының қақ­пасына бір-ақ тоғытады. Алаң иелері аң-таң бо­лып, төреші де таңданып, екі команданың ойын­шылары біраз дүрлігеді. Өйт­кені мұндай жағдайда доп ойын тоқтатылғанға де­йін қай команданың ойыншы­ларында болса, мін­детті түрде соларға қайтарылып беретін. Мұны фут­болда Fair play деп атайды.
Негізі, футбол тарихында мұндай жағдайлар болған. Бірақ мұндайда гол соққан команда лезде өз қақпасына гол жіберетін. Қарсыластары ойынды қайта бастағанда, олармен допқа таласпай, гол соқ­қан­дарынша қарап тұратын. Алайда «Шахтер» бұ­лай да істемейді. Луис Адрианоның өрескел қате­лігін жуып-шаймады.
Сол матчта «Шахтер» 5:2 есебімен жеңгенімен, жан­күйерлер көңіліне кірбің түсірген. Бұл жағдай УЕФА назарынан да тыс қалған жоқ. УЕФА Луис Ад­рианоға Чемпиондар лигасының алтыншы турында алаңға шығуға тыйым салды. Әрі бір күнін қоғамдық футбол бағдарламаларының біріне арнауға міндеттеп отыр.
Луис Адрианоға ресми түрде «УЕФА-ның «Тәртіп принциптері» жарғысындағы 5-бапты бұзды» деген кінә тағылды.