Сұрақ-Жауап. Кеңес

Гриппке қарсы тегін вакцинаны кімдер алады?

  • Гриппке қарсы тегін вакцинаны кімдер алады?

    Гриппке қарсы тегін вакцинаны кімдер алады?

 Бұл сауалға Алматы қаласының «Алмалы ауданы МСАК орталығы» педиатрия бөлімінің меңгерушісі Майра Макеева Алматы қалалық коммуникациялар орталығында өткен онлайн брифингте жауап берді.
Оның айтуынша, гриппке қарсы тегін вакцина жыл сайын белгілі бір санаттағы адамдарға салынып келді. Бұл үрдіс биыл да жалғасын табады.

Біз жүкті әйелдер (2-3 триместрде), медициналық қызметкерлер мен 18 жасқа дейінгі созылмалы аурулары бар балаларды, интернат, балалар үйі сияқты жабық мекемелерде орналасқандарды, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар мен жасы 60-тан асқан азаматтарды жыл сайын гриппке қарсы тегін екпемен қамтамасыз етіп келдік. Биыл да әр учаскелік дәрігерлер осы санаттағы азаматтарды тегін екпемен қамтамасыз ету үшін ауруханаға шақыратын болады, - дейі ол.
Сондай-ақ, дәрігер жыл сайын вирус мутацияға ұшырап отыратындықтан, вакцинаның жаңа штаммы сатып алынатынын атап өтті.

Вакцина салмас бұрын пациент жіті тексеруден өтеді. Оның жақын күндері вирустық аурулармен, соның ішінде коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болған-болмағаны туралы сұралады. Дене қызуы өлшенеді, вирустық ауру симптомдарына тексеріледі. Вакцина алғаннан кейін де ол 2 күн дәрігер бақылауында болады, - дейді Майра Макеева.
Дәрігер гриппке қарсы вакцинаны тұрғындар жақсы көтеретінін және оның тиімді екенін атап өтті.

Ал өзіңіздің немесе балаңыздың тегін вакцина алушылар санатында бар-жоғыңызды білу үшін учаскелік дәрігерге хабарласу қажет.
Вакцинация 10 қыркүйек пен 10 қараша аралығында жүргізіледі.

baq.kz




Көрілген: 471    Пікірлер: 0

жұма, 04.09.2020, 19:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 15:54
    Адам тән емес
    7 Қазан, 16:58
    ЭЦҚ деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31