Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Гвардиола мен Луческу не жөнінде ұзақ сөйлесті екен?

16 сәуір 2011, 11:13

Теледидардан «Шахтер» мен «Барселона» арасындағы екінші матчтан соң екі команданың бас бапкерлері ұзақ сөйлесті. Әлбетте, бас бапкерлер кездесуден кейінгі қол алысу рәсімінде сонша ұзақ сөйлеспеуші еді. Гвардиола мен Луческу не жөнінде сөйлесті екен? Олардан осыны сұраған жан бар ма?
Әлібек Садақбаев,
Ақтау қаласы
Бұл жөнінде олардан сұра­ған адам бар ма, жоқ па, білмейміз. Бірақ «Sky Sport» жур­налистерінің Пеп Гвардиола мен Мирчу Луческудің сөз­дерін бейнекамераға түсі­ріп ал­ған­дарынан хабардармыз. Шет­елдік басылымдардың та­рат­қан мәліметтеріне сенсек, екеуі Донецк клубының қор­ғаушысы Ярослав Ракицкий жөнінде сөй­лесіпті.
– Ракицкий жақсы қорғаушы екен. Ештеңеден тайсалмайды, айылын тартпайды, нағыз жанкешті жігіт, – деп Пеп Гвардиола осы қорғаушының өзіне ұнап қалғандығын білдірсе, Мирчу Луческу:
– Қазір ол орталық қорғау­шы қызметін атқарып жүр. Ал қапталдағы қорғаушы міндетін қалай атқара алады? Тамаша. Ол ештеңеден қорықпайды, еш­бір командадан қаймықпайды. Осынысымен сізді есімізге түсі­ре­ді, – деп күле жауап беріпті.
Осыдан соң шетелдік басылымдар «енді Ракицкийдің Пеп Гвардиоланың командасына ауысатын күні алыс емес шығар» деп жүр.