Сұрақ-Жауап. Кеңес

Хакерлер биометриялық мәліметтерді қалай ұрлап, қандай арам мақсатына пайдаланады

  • https://www.bigdataschool.ru/

    https://www.bigdataschool.ru/

Киберқарақшылар адамдардың биометрикалық мәліметтерін қолды қылатын түрлі технологиялық арсеналға ие. Оның көмегімен персоналды деректерді ұрлап, ақша табу, бопсалау, арандату, сату, т.б. арам мақсаттарын жүзеге асыра алады.

 

Ресейлік сөз технологиясы орталығының компаниясының өкілі Дмитрий Дырмовский «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне берген сұхбатында хакерлердің адам даусы мен жүзін қалай ұрлайтынын айтып берді.

 

Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

«Адам бет-жүзінің биометрикасын қолды қылу үшін фото, видео, көзге арналған тесіктері бар қағаз маска, көлемді, силикон, 3D-маскасын пайдаланады. Бет-жүз биометриясын қорғау үшін liveness detection — тірі пайдаланушыны анықтауға арналған тетікті пайдаланылады. liveness detection-ның түр-түрі бар: белсенді (кооперативті) – пайдаланушыдан біз бір нәрсе істеуді сұрағанда және оны қалай орындайтынын қарағанда пайдаланылады; пассивті (кооперативтік емес) – бізге шынайылығына сендіргісі келгенде параметрлер жиынтығын фондық режимді сараптаған кезде пайдаланылады»,- деп түсіндірді Дмитрий Дырмовский.

 

Осылай деген ол дауыс биометриясын хакерлердің қалай қолды ететініне тоқталды:

киберқылмыскерлер әдетте адамның даусын таспаға жазып алады немесе қолдан жасайды (бұл техникалық жағынан мейлінше күрделі операция). Мұндай шабуылдың жасалғанын  анықтау үшін қолды болудан қорғайтын Antispoofing технологиясы қолданылады.

 

Сөзінің соңында маман осы заманғы озық технология хакерлерге лайықты тойтарыс беруге, қорғануға мүмкіндік беретінін алға тартып отыр.

 

 

 

 




Көрілген: 484    Пікірлер: 0

жұма, 08.10.2021, 17:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қараша, 17:12
    Ұзақ жасау – бақыт па?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30