Сұрақ-Жауап. Кеңес

ХҚО-ларда жеке куәлік үшін төлемді QR-код арқылы жасауға болады

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Шығыс Қазақстан облысындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында төлқұжат пен жеке куәлік үшін төлемді QR-код арқылы жасауға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ХҚО-ларда төлқұжат пен жеке куәлікті ресімдеген клиенттер мемлекеттік бажды QR код арқылы төлей алады.

 

Азаматтарға арналған үкімет ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп осындай жаңашылдықты енгізіп отыр.

 

«Клиент төлқұжат пен жеке куәлікті ресімдеуге өтініштер қабылдайтын көші-қон қызметі операторына жүгінген сәтте, кассаға бармай-ақ бірден Homebank немесе Kaspi банк қосымшаларының QR төлем жасау жүйесі арқылы баж алымын төлей алады. Санаулы секунд ішінде төлеу – әрбір екінші қазақстандыққа қолжетімді цифрлық мүмкіндік. Бұдан бұрын QR кодпен жер учаскелеріне актілерді дайындау және беру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, кондоминиум объектілері бойынша қызметтерді және жер қатынастары саласындағы басқа да мемлекеттік қызметтерді төлеуге болатын. Енді кассаға кезекке тұрмай-ақ құжаттандыру қызметінің алымдарын да төлеу мүмкіндігі бар», – деді филиал директоры Азамат Есембулов.

 

Оның айтуынша, осы жылдың сегіз айының ішінде шығысқазақстандықтарға паспорттар мен жеке куәліктер беру бойынша 105 мың мемлекеттік қызмет көрсетілген.

 

Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж мөлшері – 584 теңге, ал паспорт үшін – 23 336 теңгені құрайды.

 

 

 

 




Көрілген: 475    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.09.2021, 22:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қараша, 17:12
    Ұзақ жасау – бақыт па?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30