Сұрақ-Жауап. Кеңес

Илон Масктай қатарынан озық туған баланың анасы Мэй Маск туралы

  • Илон Масктай қатарынан озық туған баланың анасы Мэй Маск туралы

    Илон Масктай қатарынан озық туған баланың анасы Мэй Маск туралы

ГЕНИЙДІҢ АНАСЫ⁣

Генийді қазақша аударар болсақ, данышпан, кемеңгер. Данышпан сөзін көбіне Абайға қаратып айтатын болғасын, біртүрлі екен.
Айтпағым, Илон Масктай қатарынан озық туған баланың анасы Мэй Маск туралы. Кешелі бері "МЕНІҢ ҰЛЫМ - ИЛОН МАСК: данышпанды тәрбиелеу" аудиокітабын тыңдап жатырмын ⁣

  • ⁣Түйгенім, тек Илон емес, барлық үш баласы да - көп оқыған, жетістікке жеткен, қалағандарына қол жеткізген, бір сөзбен арман-мұратына жеткен перзент. Оған бірден бір себеп - шешесі.
  • Математикаға жүйрік болған шешесі балаларына: "Мен ботаникпін" десе, ұлы Илон мырс етіп күлетін көрінеді. Себебі ол өзінің шешесінен де мықты математик екенін біледі. Ал шешесі өз қатарластарынан математикадан озық болған. 10 жасында Илон физика пәні бойынша мектеп бағдарламасының бәрін шемішкедей шағыпты. ⁣
  • Балалары немен айналысқысы келсе де, мүмкіндік берген. Бетін қақпаған. Сөйткен үшеуі де өз жолын жаңылмай тапқан.⁣
  • Өте еңбекқор болған шешесі Африкадан Канадаға көшкенде 5 жерде жұмыс істеген. Бұны көрген балаларының жалқау болуына қақы жоқ еді. ⁣
  • Баласы үшін тұра алатын ана болған. Мысалы, Илон үнемі өзге әлемде қалықтап, үндемей, өз тұңғиығына шомып кететін біртүрлі бала болған. Мұғалімдері сұрақ қойса, жауап бермек тұрмақ, тіпті назар да аудармаған. Оған ұстаздары оның есту қабілетінде ақау бар деп болжап шешесіне айтқанда, "менің балам нап-нармальный бала, өздеріңнің сабақтарың балама қызықсыз" деп баласына тіл тигізбей, қорғаған. Ұлына сенген. Расында, Илонның құлағы жап-жақсы естиді. Тек оның қызығушылығы басқада - ғарыш әлемінде болатын.⁣
  • Ол әйелдің 14 жасынан модель болғаны, мүсінінің әдемілігі, кейіннен диетолог болғаны тағы бар, салауатты өмір салтына ден қояды. Жаттығу жасайды. Биыл 73-ті алқымдап отырған әжеңде былайша артық май түгілі, артық ет жоқ. Мүсіні сұлу. ⁣
  • Мэй әжейдің көп ойымен менікі дөп келетініне көзім жетті. Бала тәрбиесінде вроде дұрыс жолда келе жатқандаймын. Шүкір. Илон Масктай миллиардер болмаса да, әкесі екеуіміз разы болатындай перзент болса болғаны. Ойы ерек ғалым боп жатса, қанекей! Өзім 73 жаста Мэй әжейдей фигурасы зың әже боп тұрсам деп қоям.

Балаларымыз ел игілігіне қызмет етер, қайырлы ұрпақ болғай!

Жадыра Жұмакүлбай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3398    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.02.2021, 09:42

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 16:42
    Пайдалы кеңестер
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30