Иммунитетті көтеретін диета

20 ақпан 2022, 18:13

Дәрігерлер иммунитетті арттырып, ауру қатерін төмендететін диетаны атады. Ол «жерортатеңізі диетасы» деген атауға ие деп жазады РИА-Новости.

 

Тамақтанудың ондай рационы өсімдіктік тағамдардан құралған. Ал ақуыздың басты көзі балық, теңіз өнімдері мен майлы емес құс еті деп отыр мамандар.

 

Айта кетерлігі, өсімдіктік тағамдар аскорбин қышқылы мен антиоксиданттарға, иммундық жүйе жұмысын жақсартатын мырышқа бай. Ал балық пен теңіз өнімдері – «Омега-3»-тің таптырмас көзі.

 

 Мұның барлығы инфекциялық аурулар өршіген кезеңде жүйелі қабынуды төмендету үшін аса маңызды, - деді дәрігерлер.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін ми қартаюының алдын алатын үш әдет туралы жазған болатынбыз.

 

 

 

 

BAQ.KZ