Сұрақ-Жауап. Кеңес

Иммунитетті нығайтатын 5 қолжетімді азық-түлік

  • https://massaget.kz/

    https://massaget.kz/

Иммунитетті нығайту үшін үйде пайдалы әрі құнарлы тағамдар дайындап жеңіз. Қосымша дәруменді қоспалар ішуіңіз мүмкін, бірақ ағза дәруменді азық-түліктен жақсырақ алатынын ұмытпайық.

 

Көкөніс

 

Ақжелкен, аскөк және асжапырақ (шпинат) – әлсіз иммунитетті құтқаратын көкөністер. Мысалы, асжапырақтың құрамында каратеноид деп аталатын маңызды антиоксидант бар. Ол жасушаларды зақымдардан құтқарады және қабыну процестерінің пайда болу қаупін төмендетеді. Сондықтан көкөністі салатты күнделікті рационыңызға қосу тек дене сымбаттылығына емес, сондай-ақ бүкіл ағза денсаулығына пайдалы.

 

Майлы балық

 

Егер балық қолжетімсіз болса, зәйтүн майын пайдалануға болады. Бұл жерде иммунитеттің басты көмекшісінің рөлін омега-3 майлы қышқылдары атқарады. Олар қабыну процестерінің дамуын бастапқы кезеңнің өзінде-ақ тоқтатады және ағзаны вирустар мен бактериялардан қорғайды. Балықты қуырғаннан гөрі бұқтырып пісіргенде дәрумендері көбірек сақталатынын ескерте кетейік.

 

Цитрусты жемістер

 

С дәрумені вирустық жұқпалармен жақсы күресетінін естіп жүрміз. Ал С дәруменінің негізгі және қолжетімді көздері – цитрусты жемістер. С дәрумені цитрусты жемістердің қабығы мен ақ етінде көбірек болатынын айта кетейік. Сондықтан лимонның не апельсиннің қабығын жемесеңіз де, оны шайға салып ішуді әдетке айналдырыңыз.

 

Брокколи

 

Брокколиді көпшілік ұната бермейді. Алайда ол көптеген проблемалардың алдын алады және иммунитетті нығайтады.

 

Тауық сорпасы

 

Әдетте, тұмаулатып қалған адамға тауық сорпасын дайындаймыз. Бұл жайдан-жай таңдалған тағам емес. Құс етінде В6 дәруменінің мөлшері көп: ол ағзадағы көптеген химиялық процестерге қатысады. Сондай-ақ ол жасушаларды зақымдардан қорғайды.

 

massaget.kz




Көрілген: 250    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.03.2020, 10:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:49
    ҚАНДАЙ ӘЙЕЛ ЖАҚСЫ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30