Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Инновациялық жоба жолда қалмайды

26 желтоқсан 2012, 13:28

Бізде инновациялық жобаларды қолдау керек деп көп айтылады. Бұл міндеттің сөз жүзінде қалып қоймай, іске асуы қалай екен?
Аман Оралбаев

Соңғы екі жыл ішінде елі­міз­де инновациялық жоба­лар­­ды қаржыландырудың ре­корд­­тық көрсеткіші тіркелді. Мұндай көр­сеткіш бұрын-соң­ды бізде бо­л­маған. Ұлттық тех­но­ло­гия­лық даму агент­ті­гі­нің келтірген де­регіне сәйкес, 2003-2009 жыл­дар ара­лы­ғында 180 ин­новациялық жо­ба­ға қаржылық қолдау көр­се­тілсе, 2010-2011 жылдары ол екі есеге артты. Отандық ма­ман­дардың ай­туынша, осы мер­зім ішінде ин­но­вациялық да­мудың да ең  жоғарғы көр­сет­кіші тіркелді. Со­нымен қа­тар бизнестің ин­но­вациялық бел­сенділігі мен ин­но­ва­ция­лық өнім көлемі де кө­бейді. Ха­лықаралық рей­тингіде де алға шықтық. Айталық, Дү­ние­жүзілік экономикалық фо­ру­мының жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша бір жылдың ішінде 20 сатыға кө­­терілдік. Бұл рейтингіде қам­­тылған елдердің ішінде ең жоғарғы өсім саналады. Біз даму деңгейінің екінші саты­сынан бірден төртінші дең­гей­ге кө­терілдік. Ал рейтингіде бар­лығы бес деңгей бар.