Сұрақ-Жауап. Кеңес

Интернетте алаяқтарды қалай анықтауға болады

  • ҚазАқпарат

    ҚазАқпарат

Солтүстікқазақстандық полицейлер интернет-алаяқтықтың негізгі белгілерін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Полицейлердің айтуынша, танымал сервистер, әлеуметтік желілер, жарнама сайттары қаскүнемдердің қызықтыратын орындары. Алаяқтар ақша жымқырудың түрлі жолдарын біледі. Алайда, олар қанша сақ болғанымен, оларды анықтауға болады.


«Қазір көпке танымал және алаяқтықтың ең қауіпті түрі: көлік немесе пәтер сату туралы «тиімді ұсыныс». Адамдар оны шетелде жүрген «пәтер иесінен» алады. Алаяқтар сатып алушының төлем қабілетін растауын сұрайды. Олар алдын ала төлем сұрамайды, тек ақшаны кез келген сенімді тұлғаға - туысына жіберіп, төлем туралы түбіртектің суретін түсіруді өтінеді», - деді криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов.


Оның айтуынша, мұндай түбіртекті ешкімге көрсетуге болмайды. Себебі, онда шот туралы ақпарат бар. Қаскүнем соны пайдаланып, ондағы ақшаны өзіне аударып алады.


«Сатушы» үйдің құжаттарының суретін жіберсе де, асығыс шешім қабылдап, алдын ала төлем жасамау керек. Өйткені, бұл құжаттар басқа адамдарға тиесілі», - деп атап өтті П.Климов.


Алаяқтықтың тағы бір жолы әлеуметтік желілерде танылған. Қаскүнемдер Интернетті бақылап, белсенді адамды іздейді және оның туысы немесе танысының дәл көшірмесін жасайды.


«Осы парақшамен алаяқ қаржылай көмек сұрайды. Әдетте, несие өтеу үшін. Көптеген адамдар, әсіресе жастар, интернет арқылы хат алмасып, танысының өзіне хабарласпас бұрын ақшаны аударып жібереді», - деп түсіндірді П. Климов.


Көптеген солтүстікқазақстандықтар интернет-алаяқтықтың құрбаны болып отыр. Өткен жылы тәртіп сақшылары Интернет арқылы алаяқтық жасау туралы 85 жағдай тіркеген.


 




Көрілген: 655    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.03.2019, 09:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Шілде, 22:45
    Өзіңді дамыту
    16 Маусым, 20:02
    Ақша үнемдеудің 5 жолы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31