Сұрақ-Жауап. Кеңес

Ипотеканы қай кезде жапқан тиімсіз – маман кеңес берді

  • https://azattyq-ruhy.kz/

    https://azattyq-ruhy.kz/

Ресейлік "Метриум" компаниясының директоры Надежда Коркка банк қарызын қайта қаржыландырудың тимді мерзімін атады.

 

Сарапшының айтуынша, бүгінде кредит мөлшерлемесін төмендету және қарыз жүктемесін азайту үшін ипотека алған адамдар қайта қаржыландыру тетігін жиі қолданып жатады.

 

Ондайда ескі кредитті жауып, жаңасын рәсімдейді. Проценттік мөлшерлемесі төмен болады. Бірақ ондай шара қарыздың жартысы төленбей тұрғанда тиімді.

 

Ал проценттің басым бөлігі төленіп қойса, қайта қаржыландырудың қажеті жоқ. Себебі жаңа кредитпен бірге жаңа процентті төлеуге тура келеді. 

 

"Негізі банктердің басым бөлігінде ипотека аннуитеттік төлемдермен жабылады. Бір бөлігі проценттерге, ал екіншісі қарызды өтеуге жұмсалады. Бас кезінде қарыз алған адам процентті көп төлейді, бірақ артынан негізгі қарыз бен процентке кететін төлемдер теңеседі. Ал ипотеканың соңында ақшаның басым бөлігі қарыздың өзіне кетеді. Сондықтан процент төленгеннен кейін қарызды қайта қаржыландырған тиімсіз. Өйткені жаңа кредит алғасын жаңа проценттер болады", - деп түсіндірді Коркка.

sputnik.kz




Көрілген: 509    Пікірлер: 0

жұма, 25.06.2021, 11:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 11:48
    Терлей бересіз бе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30