Сұрақ-Жауап. Кеңес

ИСЛАМ ДІНІ НЕГЕ ҚҰЛ ҰСТАУҒА РҰҚСАТ БЕРГЕН?

  • https://ru.sputniknews.kz/

    https://ru.sputniknews.kz/

Ислам діні келген тұста «құл иеленушілік» деген нәрсе қоғамның денесіне бойлап, қанына сіңген құбылыс-тын. Құл ұстау әдеттегі жағдай еді.

 

Бұны, мынандай қарапайым мысалмен түсіндірелік: Қазіргі таңда қай қоғамда болмасын, адамдар автокөлік мінеді. Оны меншігінде ұстайды. Сатып алып, иемденеді. Бұндай әрекетке әлемде ешкімнің қарсылығы жоқ. Енді, бір адам тұрып: «Автокөлік иемдену – харам. Оны мінуге болмайды», - деп тыйым салуға тырысса, оның мұндай талпынысы мәнсіз болмақ. Солай емес пе? Міне, Ислам келген кездегі «құл иеленушілік» мәселесі де дәл солай еді.

 

Бірақ, Ислам құлды адам ретінде санап, иесі не ішсе, ішкізіп, не кисе, соны кидірді[1].

 

Ауыр жұмыс міндеттейтін болса, иесі көмектесуі керек болды[2].

 

Егер иесі нақақтан-нақақ қолындағы құлын ұратын болса, онысы - құлдың азат болуына себеп[3].

 

Қандай «кәфарат» түрі болмасын, оның өтеуінде бірінші - құлды азат ету міндеті тұрды. (Бұған төмендегі сілтемеде көрсетілген хадистер күә). Осылайша «құл иеленушіліктен» бірте-бірте адамдарды алыстатып отырды. (Кәфарат деп – Алла алдында жасаған күнәсін жуып-шаюды айтамыз. Ораза кәфараты, ант бұзудың кәфараты т.б.).

 

Әзіреті Омар мұсылмандардың халифасы бола тұра, Ақса мешітіне бара жатқан жолда астындағы атын құлы екеуі кезектесіп мініп барғандығы тарих кітаптарында жазулы.

 

Ал, Әзіреті Осман халифа болып тұрған кезінде, әлдебіреу еш себепсіз құлдың құлағынан тартады. Сонда халифа Әзіреті Осман, әлгі адамның құлағын бүкіл халықтың көзінше құлға тартқызады.

 

Сахаба Әбу Зәр өзінің екі шапанының бірін міндетті түрде құлына беретін. Мұндай нәрсе ол уақытта ешбір қоғамда кездеспейтін мәміле еді. Сахабаларды осындай ұлықтыққа итермелеген Ислам құндылығы.

 

Енді, кейбір сахабалар құлдарын азат етсе, кейбірі құл иеленді. Неге? Себебі, кейбір құлдарды жеке жіберген жағдайда өз бетінше қоғаммен біте қайнасып, өмір сүріп кетуі екіталай. Қазіргі кезеңдегідей емес, ол шақ өзгеше еді. Ондай құлды азат еткеннен гөрі, егесінің қасында, соның асырауында болғаны жақсы.

 

Тарихта мынандай оқиға орын алған: XIX – ғасырда Американың 16-шы президенті Абраам Линкольн барлық құлдарды бір сәтте азат етуге бұйрық шығарады. Сонда, өмір бойы иесінің әмірін орындап, соның қасында жүріп, айтқанын істеуге дағдыланған құлдар, өз бетінше өмір кеше алмай, бұрынғы егелеріне қайта оралған екен. Осындай мәселені де ескерген Ислам діні, бір дестен тыймай әсте-әсте жойып отырды.

 

Сахабалардың уақытында кейбір құлдар азат етілсе де, егелерінің қасынан кетпеген. Мысалы, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өзі Зәйд ибн Харисаны азат етеді. Бірақ Зәйд Пайғамбарымыздың қасынан кетпей қояды.

 

Қазіргі таңда құл иеленушілік деген нәрсе жоқ.

 

mazhab.kz

 




Көрілген: 866    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.05.2020, 10:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Сәуір, 12:16
    АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚТАР!
    16 Сәуір, 23:47
    1414 не үшін керек?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31