Сұрақ-Жауап. Кеңес

Жағымсыз әдеттердің пайдасы барын білесіз бе

  • Көрнекі фото: pixabay.com

    Көрнекі фото: pixabay.com

Әрбір адамның бойында жағымсыз әдеттер болады. Көпшілік алдында ыңғайсыз жағдайға қалдыратын мұндай әрекеттерден арылу кейде мүмкін емес. Дегенмен зиянды әдеттердің де бізге берер пайдасы бар деп жазады KAZ.NUR.KZ Рамблерге сілтеме жасап.

 

Тынымсыздық

 

Көптеген адамдар жұмысына байланысты күндерін отырумен өткізеді. Ал күні бойы бүктелу организмге кері әсерін тигізіп, қан айналымын нашарлатады. Осы жағдайда тынымсыз адамдар көп қимылдауының арқасында денедегі қан айналымын қалпында ұстап отыра алады.

 

Кофеге деген құштарлық

 

Күніне бір шыныаяқ табиғи кофе ішсеңіз, Альцгеймер ауруының алдын алуға болады.


Жалқаулық

 

Ғалымдардың пайымынша, жалқаулық организмді артық жүктен сақтауға көмектеседі. Яғни, адамның еріншектігі ұстап қалса, онда организмде демалып, әрі қарай басқа жұмыстарға энергияны сақтауға болады.

 

Боғауыз сөздер

 

Ғалымдардың көлік жүргізушілерімен жүргізген зерттеуіне сәйкес, бейәдеп сөздердің арқасында жүргізушілер физикалық түрде күш жұмсамайды. Дәлірек айтсақ, боғауыздың арқасында организмге қажетті қуат беріліп, жүргізушілер тезірек сабырға келеді екен.

 

Төсекте жатып тамақтану

 

Тамақтану кезінде босаңсыған күйде болсаңыз әртүрлі жүйке жұқартатын жағдайларды оңай еңсеруге болады. Олай болмаған кезде асыңыз дұрыс қорытылмай, асқазаныңызда қыжыл пайда болуы мүмкін. Төсекте жеген тамақ организмге тез сіңіп, оны асқазан оңай қорытады.

 

Өсек-аяң

 

Адамды сыртынан сөз ету әрине этикаға жат. Дегенмен, психологтардың сөзінше, мұндай әдеттің де пайдасы бар. Тараған өсектің арқасында адамдар өзгенің қателігінен сабақ алады.

 

Алайда, жағымсыз әдеттердің де пайдасы бар екен деп, этикаға жат дүниелерден арылу үшін әрекет етуді тоқтатпаған абзал.

 




Көрілген: 413    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.02.2020, 16:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:49
    ҚАНДАЙ ӘЙЕЛ ЖАҚСЫ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30