Сұрақ-Жауап. Кеңес

Жаһандық жылынудан ең көп зардап шегетін ұлт

  • https://islam.kz/

    https://islam.kz/

Үнділер жаһандық жылыну алдындағы ең дәрменсіз ұлт ретінде аталды – адамзат қарасының жартысы аптап ыстыққа байланысты қатер астында өмір сүріп жатыр.

 

Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталмыш зерттеу материалы жарияланған Proceedings of the National Academy of Sciences мерзімді басылымына жөн сілтеген Bloomberg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Бұл бағытта ғалымдар 1983-2016 жылдар аралығын қамтитын, әлемнің әр түкпіріндегі 13115 қаланың ауа райына статистикалық сараптама жүргізген екен.

 

Ғалымдар бұл сараптамада ауа температурасы мен ылғалдылығын, желдің екпіні мен жылудан болатын сәулелену деңгейін есеретін WBGT индексін пайдаланған болатын.

 

Аталмыш индекс, сонымен қатар, «Ылғалдылық термометрі» (wet bulb index) деп те аталады.

 

Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның мәлімдеуінше, аталған «термометрдегі» көрсеткіш Цельсия бойынша 30 градустан асса, адам аптап ыстықтан болатын түрлі аурулардан өлу қатері жоғарылайды.

 

Халық саны бойынша екінші орында тұрған соңғы 30 ыл бойы жаһандық жылудың негізгі соққысына тап болып келеді.

 

Тура мағынасында. Бір өкініштісі, бұл тенденция тереңдей бермек. Әсіресе, қалалық жерлерде.

 

Бұл тараптағы зерттеуге атласысқан авторлардың бірі Ғалифорния университетінің Келли Кейлор (Kelly Caylor) есімді ғалымы мақаласында әлем бойынша әрбір бесінші адам 30 жыл бойы қалалық жердегі аптап ыстықтан зардап шегіп келе жатқанын жазыпты.

 

Үндістанда аталмыш зерттеуде қамтылған 50 қаланың 17-сі климат өзгерісінен ең қатты зардап шеккен.

 

Бұл рейтингте бірінші орыннан Бангладеш астанасы Дакка қаласы көрінсе, екінші орынға Нью-Дели мегаполисі жайғасқан.

 

 

 

 




Көрілген: 481    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.10.2021, 16:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қараша, 17:12
    Ұзақ жасау – бақыт па?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30