Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жалған нөмірдің жазасы қандай?

16 қаңтар 2013, 11:35

Көлігіне жалған нөмір жапсырып алатындардың әрекеті әшкереленген жағдайда оларға қандай шара қолданылады?
Әсет ЕРМАҒАНБЕТОВ,
Ақтөбе қаласы
Жол полициясы қызметкер­лерінің түсіндіруінше, 2008 жылдың 1 тамызында күшіне енген жол жүру ережесі саласын­дағы заң бұзушылықтар үшін қа­растырылатын әкімшілік жауап­кершілік шараларына сәйкес, көлік құралына көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемле­кеттік тіркеу нөмірінің белгісін орнатқан жеке тұлға­ларға – 10, көлік құралдарының пайда­ланылуына жауапты лауа­зымды адамдарға – 50, дара кәсіп­керлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 200, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып саналатын заңды тұлғаларға 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. 2013 жылғы 1 айлық есептік көрсет­кіш – 1731 теңге.