Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жаңа банкнот шықты

03 маусым 2011, 10:42

Ұлттық банк жаңа ақша шығарыпты. Ол қандай оқиғаның құрметіне арналды екен?
Қырмызы Шәріпова,
зейнеткер
Иә, мамырдың соңында Ұлттық банк еліміздің Ислам конференциясы ұйымына төрағалық ету құрметіне арналған естелік банкнотты айналымға шығарды.
1000 теңгелік ақшаның таралымы – 10 млн дана. Негізгі түсі – ашық жасыл.
Ақшаның бастапқы бетінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбезі бей­не­ленген. Сол жағында – Ислам кон­фе­ренциясы ұйымының логотипі, жо­ғарғы жағында Қазақстан Рес­пуб­ли­касының мем­лекеттік рәміздері – Ел­таңба мен Тудың суреттері беріл­ген.
Банкноттың екінші жағындағы суреттер көлденеңінен орналасқан. Дәл ор­тасында Қожа Ахмет Ясауи кесе­несінің суреті салынған. Ислам кон­фе­рен­циясы ұйымы 57 елдің (1,2 млрд ха­лық) басын біріктіріп отыр. Елі­міз бұл ұйым­ға 2015 жылы төр­ағалық ет­пекші.