Сұрақ-Жауап. Кеңес

Жаңа жыл кешінде қандай түсті киімді кимеген жөн – дизайнер кеңесі

  • http://www.fashionware.ru/

    http://www.fashionware.ru/

Жаңа жыл жақындаған сайын мереке күні қандай киім киюге болады деген сұрақ мазалайды. Себебі халық арасында алдағы 365 күннің алғашқы күнін қалай бастасаң, жыл бойы солай өткізесің деген түсінік бар. Ал дизайнерлер мереке күні киетін киімнің түсіне қатты көңіл бөледі.

 

Sputnik Қазақстан тілшісі дизайнер Дәмилә Жұмабекпен сұқбаттасып, жаңа жылды қандай киіммен қарсы алу қажет екенін, сонымен қатар 2021 жылы қандай түс трендте болатынын сұрады.

 

Ашық түске басымдық беру қажет

 

Дизайнердің айтуынша, 2021 жылы ашық түстер трендте болады. Оның ішінде күміс түс, сұр, ақ түс сұранысқа ие болмақ. Ол мұны сиыр жылының бірқалыпты, берекелі өтуімен байланыстырды.

 

"Жаңа жылда сұр, ақ, сары, жылтыр түс сәнде болады. Сиыр шөпті, гүлді жақсы көретіндіктен жасыл мен сары-қызғылт адамның жолын ашатын түс қатарына жатады. Қызыл мен қара ешқашан трендтен түспейді дегенімен, жаңа жылда бұл түсті көп кимеген жөн", - дейді дизайнер.

 

Маман жаңа жыл кешінде қызыл мен қара түсті киімді мүлде кимеуге кеңес берді.

 

"Сиыр қызыл түсті немесе қызыл матаны ұнатпайды деген жалпы ұғым бар. Сол үшін ырымдап қызылды көп киюге болмайды. Ал қара түске келер болсақ, мерекелік кеште қара түсті кимеген дұрыс. Себебі жаңа жылды жарқырап, ашық түсті киіммен қарсы алған жөн", - дейді Жұмабек.

 

Дизайнердің айтуынша, қазақы түсінікке салар болса, ашық түс жақсы бастамаларға жетелейді. Сол себепті ырымдап, ашық түсті таңдауға кеңес берді.

 

Жаңа жылда қай түс трендте болады

 

"Маталар жайлы айтар болсақ, 2021 жылы пайетка тігілген жылтыр маталар сәнде болады. Оның ішінде көзге алыстан түсетін емес, керісінше нәзік түстерге басымдық беріледі. Шашағы бар киімдерге сұраныс артады", - дейді маман.

 

Сонымен қатар жаңа жылда дене бітімін көрсетіп тұратын киімдерге басымдық беріледі, алайда кең тұратын жейделер әлі де болса трендтен түспейді.

 

"Жеңіл және жіңішке ілгіші бар нәзік "топикті" джинсы әрі классикалық шалбармен киюге болады. Сыртанан түрлі пиджакты үйлестіріп, сәнді болып жүрген жөн", - дейді ол.

 

Жейде таңдар кезде нәзік матаға, оның ішінде капрон материалды киімге басымдық берген дұрыс. Сонымен қатар әр түрлі сурет салынған жейделер сәнде болмақ.

 

Белдемшелердің арасында етегі тар әрі созылмалы түрі тренде болады. Оны суреті ірі жұқа жейдемен кию керек. Дизайнер мұның кез келген бойжеткеннің сымбатын аша түсетінін айтты.

 

"Сиыр гүл мен шөпті жақсы көретіндіктен, сән әлемінің мамандары гүлдері бар көйлектердің тренде болатынын айтып жүр. Алайда әр адам өз талғамына қарай көйлектің фасонын таңдай алады", - дейді ол.

 

Дизайнер жаңа жылда киіммен қатар көңіл-күйге де көбірек көңіл бөлуге шақырды. Жаңа жылды жақсы қарсы алу үшін киім алдымен адамның өзіне ұнауы қажет

 

 

 




Көрілген: 4063    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.12.2020, 17:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31