Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жаяулар да жазаланады

20 сәуір 2011, 17:24

Мен көшенiң кез келген тұсынан кесiп өте беремiн. Қазiр жол полицейлерi мен сияқты жаяуларға арналған жолақпен жүрмейтiндердiң соңына түстi деп естiдiм. Егер олардың көзiне түссем, қанша айыппұл салады?
Эльмира ҚҰСАЙЫНОВА,
Алматы қаласы
Сiздiң сұрағыңызға жауап алу үшiн Алматы қалалық IIД жол полициясы басқармасы әкiмшiлiк-өндiрiстiк бөлiмiнiң бастығы Ержан Өзтемiровке хабарластық:
– 2008 жылдың бiрiншi тамызынан бастап, ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiнiң 473-бабы 1-тармағының талабына сәйкес жаяулар өтпесi белгiсi көрсетiлмеген жерден кесiп өткен жүргiншiлерге бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, яғни 6365 теңге айыппұл салынады. Жол қозғалысы ережелерiнiң 3-бабы 3-тармағына сәйкес жаяу жүргiншi жолдың екi жағын айқын көрiп тұрса, сондай-ақ жақын жерде жол асты және жол үстi өтпелерi болмаған жағдайда жолды тiк бұрыш жасап кесiп өтуiне болады. Бiрақ ол жерлерде жолды бөлу жолағы мен жол қоршаулары орнатылса, онда көшенi кесiп өтуге тыйым салынады.